Қытай командасы өткен жексенбіде өз алаңында Минскінің "Динамосынан" 2: 3 есебімен жеңіліп қалды. Кездесуге дейін "Куньлунь" Шығыс конференциясында 11-орында тұрды. 35 матчта Алексей Ковалевтің командасы 22 ұпай жинады.
Соңғы кездесуін "Барыс" 13 желтоқсанда "Тракторға" қарсы өткізді. Бұл кездесуде Нұр-сұлтандықтар 4: 2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Голдарды Роман Старченко, Никита Михайлис, Мэттью Фраттин және Линус Виделл соқты. Қақпашы Хенрик Карлссон 28 соққыны қайтарды. Осы жеңістің арқасында Юрий Михайлистің шәкірттері плей-офф аймағына қайта оралды.
Биылғы маусымда "Барыс" қытайлық командамен Нұр-Сұлтанда екі кездесу өткізді. Екі ойын да тартысты өтті және қазақстандық команда екі ойында да, 3: 2 және 2: 1 есебімен жеңіске жетті.
Ал, бүгін сырт алаңда "Куньлунға" қарсы кездесуде "Барыс" қосымша уақытта жеңіске жетті. "Нұр-Сұлтан" командасының құрамы алдыңғы ойынмен салыстырғанда біраз өзгеріске ұшырады. Даррен Диц жарақаттан кейін оралса, Алекс Линтуниеми ҚХЛ-дағы алғашқы кездесуін өткізді. Олар Егор Шалапов пен Леонид Металниковты алмастырды.
"Барыс" бірінші кезеңді жақсы бастады. Бірақ содан кейін алаң иелері басымдылықты өз қолдарына алып, Хантер Шинкаруктың дәл соққысының арқасында есеп ашты. Ұзақ уақыт бойы таблодағы сандар өзгерген жоқ. Ойынның үшінші кезеңінің ортасында ғана Самат Данияр ҚХЛ-да алғашқы голын соғып, ойынды овертаймға айналдырды. Қосымша бес минутта Даррен Дицтің дәл соққысы "Барысқа" қонақтар сериясындағы екінші жеңісті әкелді. Енді 21 желтоқсанда "Барыс" Нижний Новгородта "Торпедомен" ойнайды.
"Куньлунь" – "Барыс" 1:2 (1:0, 0:0, 0:1, 0:1)
1:0 – 17:28 – Шинкарук
1:1 – 51:53 – Данияр (Волк, Виделль)
1:2 – 61:30 – Диц
"Куньлунь" - "Барыс" (1: 2OT) матчынан кейін бас бапкерлердің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
"Ойын жақсы өтті. "Куньлунь" командасы қорғаныста өте шебер. Позициялық қорғаныста олар бізге мүмкіндік бермеді. Олар тығыз әрі агрессивті ойнады. Біз гол соғатын оңтайлы сәтті таба алмадық. Бірақ содан кейін Линус Виделл ҚХЛ-да алғашқы голын соққан Самат Даниярға тамаша пас берді. Оны қазірдің өзінде киім ауыстыратын бөлмеде құттықтады. Барлығы керемет. Жеңіс құтты болсын", - деді "Барыс" ХК бас жаттықтырушысы Юрий Михайлис.
"Егер біз командалық ойынды ойнауды үйренбесек, онда осындай сәтсіздіктер орын алады. Нәтижесінде жеңіліске ұшыраймыз. Осындай нәтижемен кездесуді аяқтағанымыз жақсы болды", - деді "Куньлунь Ред Стар" ХК бас жаттықтырушысы Алексей Ковалев.
Ермұхамед Мәулен