"Барыс" Магнитагорскінің "Металлургынан" жеңілді

2077

Қонақтағы матчтар сериясының соңғы кездесуінде "Барыс" "Металлургтан" 3:2 есебімен жеңіліп қалды.

"Барыс" Магнитагорскінің "Металлургынан" жеңілді

Нұр-Сұлтандық команданың жаттықтырушылар құрамы соңғы матчпен салыстырғанда құрамда бір ғана өзгеріс жасады. Қорғаушылар жұбында Алекс Линтунемидің орнына Алексей Маклюков шықты.

Бірінші кезеңде қарсыластардың гол соғуға бірнеше мүмкіндіктері болды. Бірақ қақпашылар таблодағы көрсеткішті өзгертуге мүмкіндік бермеді. Екінші кезеңде алаң иелері бірден қарсы шабуыл ұйымдастырып, Сергей Плотников есеп ашты. "Барыс" бұған екі минуттан соң жауап берді. Гол авторы Филипп Вароне. Кезеңнің соңына қарай тағы бір әдемі әрі тиімді шабуыл ұйымдастырып, Вароне дубль жасады.

Ал соңғы кезең магнитагорскілік команданың пайдасына аяқталды. Бұл жолы Плотников есепті еселей түсті. Ал Николай Кулёмин үшінші голды соғып, кездесудің нүктесін қойды.

"Металлург" – "Барыс" 3:2 (0:0, 1:2, 2:0)

1:0 – 20:16 – Плотников (Прохоркин)

1:1 – 22:17 – Вароне (Панюков, Виделль) ГБ

1:2 – 38:04 – Вароне (Панюков, Виделль)

2:2 – 46:10 – Плотников (Мозякин, Прохоркин)

3:2 – 49:17 – Кулёмин (Пашнин, Расмуссен)

Қақпашылар: Кошечкин – Карлссон

Елордалық ұжым ұлттық командалардың қатысуымен өтетін халықаралық турнирлерге байланысты келесі матчтарды үзілістен кейін өткізеді. 16 ақпанда "Барыс" өз алаңында "Авангардты" қабылдайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу