Ресей астанасы ұжымының Шығыс конференциясына жасаған сапары сәтсіз аяқталуда. Жұма күні "Динамо" овертаймда "Авангардқа" жол берді (2:3). Владислав Ефремов пен Кирилл Готовецтің голдары мен Илья Коноваловтың 23 сейві команданың қарсыласымен ұпай бөлісуіне көмектесті. Мәскеулік команданың бас бапкері Алексей Кудашов шәкірттерінің ойыны ұнағанын, алайда олардың нәтижелі соққыға әкелген бірнеше қателікке жол бергенін айтты.
Мәскеулік команданың 56 ойында жинаған 73 ұпай Батыс конференциясының бесінші сатысына жайғасуға мүмкіндік беріп тұр. Джордан Уил (11+23) – команданың үздік сұрмергені атанды. Константин Волков – сенімділік коэффициенті бойынша Лигадағы екінші қақпашы және ол кері қайтарылған соққылар көрсеткішінде үздік бес голкипердің қатарына кіреді. Якоб Лилья мен Алексей Потапов жарақат алғандар тізімінде.
Ал Андрей Скабелканың командасы соңғы бес кезедсуде ұпай олжалап келеді. Соңғы ойында астаналық хоккейшілер өз айдынында плей-офф жолдамасы үшін басты қарсыластарының бірі "Тракторды" жеңді (4:3). Алекс Грант дубль авторы атанып, Александр Борисевич пен Никита Михайлис бір нәтижелі соққыдан өз пайдаларына жазды. Джереми Бракко үш рет әріптестеріне пас берсе, Юлиус Гудачек 40 соққыға тосқауыл болды. Бұл – оның маусымдағы ең үздік көрсеткіші. Андрей Скабелка жеңістің маңызын айтып, артық құрамдағы арнайы құрамның ойынын көңіл толатынын жеткізді.
Қазіргі таңда қазақстандық ұжым қоржынында 58 кездесуден кейін 56 ұпай бар. "Барыс" қосымша көрсеткіштер бойынша ғана "Нефтехимикке" жол беріп, тоғызыншы орында тұр. Алайда турнирлік кестенің төменгі жағындағы тығыздық өзгеріссіз қалып отыр. Команданың ең ең нәтижелі ойыншысы Линден Вей (16+20) әлі де жарақат алғандар тізімінде. Кирилл Савицкий айдынға қайта оралып, бүгінгі ойынға қатысуы әбден мүмкін.
Кездесу "Барыс-Арена" мұз сарайы айдынында Астана уақытымен 17:00-де басталады.