"Барыс" мәскеулік "Динамоны" ойсырата жеңді

328

Келесі матчты астаналықтар өз айдынында 25 қыркүйекте "Нефтехимикке" қарсы өткізеді. 

"Барыс" мәскеулік "Динамоны" ойсырата жеңді Фото: ХК Барыс

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында астаналық "Барыс" мәскеулік "Динамоға" қонаққа барып, 4:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ойынның бірінші кезеңінде жанкүйерлер соғылған шайба көрген жоқ. Қос команда да қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен, қақпадан саңылау таба алған жоқ.

Екінші кезең де қарқынды шабуылдармен басталды. Осындай сәттердің бірінде "Барыс" шабуылшысы Гарретт Пилон қарсылас қақпасын дәл көздеп, есеп ашты (23-минут). Алайда, астаналықтар бұл нәтижені ұзақ ұстап тұра алған жоқ. 28-минутта "Динамо" ойыншылары сан басымдығын ұтымды пайдаланып, таразы басын теңестіріп кетті, гол авторы – Никита Коростелев. Ал, 34-минутта Пилон тағы көзге түсіп, қонақтарды қайта алға шығарды.

Үшінші кезеңде "Барыс" қарсыластан бір бас жоғары өнер көрсетті. Алдымен Джейк Масси 46-минутта "Динамо" қақпасына үшінші шайбаны соқса, матч аяқталар тұста Джастин Бэйли бос қақпаны алыстан дәл көздеді. Қорытынды есеп – 4:1.

Осылайша Михаил Кравец шәкірттері 4 матчтан тұрған сырт айдындағы ойындар сериясын сәтті аяқтады. "Барыс" төрт ойынның үшеуінде жеңіп, тек бірінде ғана жеңілді. Келесі матчты астаналықтар өз айдынында 25 қыркүйекте "Нефтехимикке" қарсы өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу