Жексенбіде Ресей астанасының командасы өз алаңында "Сібірден" 3: 4 есебімен жеңіліп қалды. Өкінішке орай, мәскеуліктер кездесудің соңғы минуттарында жеңісті уыстан шығарып алды. "Барыспен" кездесу алдында Владимир Крикуновтың шәкірттері 47 кездесуден кейін 61 ұпаймен Батыста төртінші сатыға жайғасқан еді. Команда сапынан қорғаушылар Михаил Григорьев пен Юусо Хитанен, сондай-ақ шабуылшылар Владимир Брюквин, Оскар Линдберг және Илья Шипов жарақат алған спортшылардың тізімінен табылды.
Қазақстандық команданың жаттықтырушылар құрамы "Йокеритпен" кездесуден кейін жеңісті құрамды өзгерткен жоқ. "Барыс" соңғы турда қонақта "Йокеритті" 4: 1 есебімен жеңді. Биылғы маусымда "Барыс" пен "Динамо" бір матч өткізді. Қыркүйек айының басында елордада мәскеулік команда соңғы минуттарда жеңілістен құтылып, қосымша уақытта жеңісті жұлып әкеткен болатын. Қорытынды есеп - 5: 4.
Ал, Мәскеуде өткен кездесуде бірінші үзіліске аз уақыт қалғанда қонақтар есеп ашты. Бұл жолы Джесси Блейкер маусымдағы дебюттік шайбасын соқты. Сәл кейінірек Павел Акользин алаң иелерінің аймағынан қақпаға соққыны дәл бағыттап, "Барыс" басымдығын одан әрі нығайтты. Осыдан кейін де шайба екі рет "Динамо" қақпасына кірді. Бірақ екі төреші бейнежазбаны қайталап көріп, голды есепке алмады. Нәтижесінде финалдық ысқырыққа дейін таблодағы көрсеткіш өзгерген жоқ. Кездесудің басты қаһарманы Хенрик Карлссон болды. Ол өз қақпасына бағытталған 40 соққының барлығын да қайтарды.
Мәскеулік "Динамо" мен "Барыстың" бас бапкерлері Мәскеуде өткен матч нәтижелері туралы пікір білдірді.
"Біз бүгін өте тәртіпті, жақсы ойын өткіздік. Қорғаныста, орталық аймақта жақсы ойнадық. Шабуыл барысында есеп айырмашылығы өзгерутуге мүмкіндіктер көп болды. Қақпашы мен жақсы қорғаныстың арқасында біз екінші кезеңнің алғашқы алты минутынан аман-есен өттік. Содан кейін үшінші кезеңде тең ойнадық", -деді "Барыс" ХК бас бапкері Юрий Михайлис.
"Біз матчт басталғанда-ақ екі гол жіберіп алдық. Екінші кезеңде Брызгалов қосылды. Өйткені Панкратов саусағын сындырып алған. Хоккейшілеріміз тартысты ойын өрнегін көрсетіп, көп шабуыл жасағандай болды. Бірақ, гол соқпай жеңіске жету мүмкін емес. Өкінішке орай, шабуылшылар бүгін ештеңе жасай алмады", - деді Мәскеудің "Динамо" ХК бас бапкері Владимир Крикунов.
"Динамо" М – "Барыс" 0:2 (0:2, 0:0, 0:0)
0:1 – 15:09 – Блэкер (Вароне, Панюков)
0:2 – 18:08 – Акользин (Блэкер)
Қақпашылар: Ерёменко – Карлссон
23 қаңтарда Юрий Михайлис шәкірттері "Витязьбен" өтетін кездесумен сырт алаңдағы матчтар сериясын аяқтайды.
Ермұхамед Мәулен