Бүгін "Барыс" "Салават Юлаевтан" 1:4 есебімен жеңіліп, маусымды соңғы орынмен аяқтады. Дегенмен, бұл кездесуде 20 жастағы қазақстандық ойыншы Аслан Жүсіпбеков ҚХЛ-дағы алғашқы шайбасын соғып, жанкүйерлерге болашаққа деген үміт сыйлағандай болды. Соңғы жиырма минутта қазақстандықтар тағы екі гол жіберіп алды. Қорытынды есеп 1:4. Кезекті жеңіліс…
Маусым бойы "Барыс" 68 ойын өткізіп, бар болғаны 8 кездесуде негізгі уақытта жеңіске жетті. Бұл клуб тарихындағы ең төменгі көрсеткіш. Сонымен қатар, команда 99 гол соғып, нәтижелілік жағынан да антирекорд орнатты.
Енді команда бір апта демалыс алып, маусымаралық дайындыққа кіріседі. Клуб басшылығы мен жаттықтырушылар штабы алдағы өзгерістерді талқылап, жаңа маусымға жоспар құрады деген ойдамыз.