"Барыс" "Металлургпен" өткен екінші кездесуде овертаймда жеңіске жетті

2009

Бүгін Магнитогорскіде ҚХЛ Шығыс конференциясының ¼ финалында "Металлург" пен "Барыс" арасындағы екінші матч өтті.

"Барыс" "Металлургпен" өткен екінші кездесуде овертаймда жеңіске жетті

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы кездесуде 7: 4 есебімен Илья Воробьев шәкірттері жеңіске жетті.  Ал екінші матчта "Барыс" қосымша уақытта "Металлургты" жеңді. Бірінші кезеңнің ортасында қонақтар есеп ашты. Кирилл Панюков Даррен Дицтің шығарған пасын қақпаға дәл бағыттады. "Металлург" бұған бірден жауап берді. Гол авторы Андрей Нестрашил. Кездесудің қалған негізгі уақытында екі командада гол соғуға мүмкіндіктер болды. Алайда матчтың нәтижесі үш кезең қорытындысы бойынша шешілген жоқ. Дегенмен овертаймда Даррен Дицтің мергендігі "Барысқа" жеңіс сыйлап, сериядағы есеп теңесті.

"Металлург" – "Барыс" 1:2 ОТ (0:1, 1:0, 0:0, 0:1)

0:1 – 11:45 – Панюков (Диц, Старченко) ГБ

1:1 – 28:10 – Нестрашил (Мозякин) ГБ

1:2 – 60:29 – Диц (Вароне, Лилья)

ҚақпашыларОлкинуора – Ортио

"Шығыс" конференциясының ширек финалындағы "Металлург" пен "Барыс" арасында өткен екінші матчтан кейін бас бапкерлердің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

"Матч өте қиынға соққанымен, тартысты жақсы ойын болды. Команданың жекпе-жекке дайын болғаны көрініп тұрды. Бұл киім ауыстыратын жерде де, алаңда да байқалды. Ортио жарақаттан кейін керемет ойнады. Ортионың және бүкіл команданың арқасында біз бүгін жеңіске жеттік. Жігіттерге жеңіске деген талпыныс пен ерік-жігер, мінез көрсеткендері үшін рахмет. Жарайсыңдар!", - деді "Барыс" ХК бас бапкері Юрий Михайлис.

"60 минут ішінде біз жақсы өнер көрсеттік. Хоккей – бұл қарсыласыңа қарағанда бір гол артық салатын ойын. Бүгін қарсыластарымыздың жолы болды. Біз үшінші және төртінші матчтарға дайындалып, Нұр-Сұлтанға барамыз", - деді "Металлург" ХК бас бапкері Илья Воробьев.

6 және 8 наурызда командалар Нұр-Сұлтанда ¼ финалдың үшінші және төртінші жекпе-жектерін өткізеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу