"Барыс" "Металлургты" ұтты

2375

"Барыс" - "Магнитка" сериясының 4-ойынынан кейін қазақстандық хоккей клубына ҚХЛ 1/4 финалына және Шығыс конференциясының жартылай финалына шығу үшін бір жеңіс қана жетпей тұр.

"Барыс" "Металлургты" ұтты

Алғашқы екі ойын тең нәтижемен аяқталып, сериядағы келесі кездесу Магнитогорскіде өтті. Бейсенбі күнгі үшінші ойында "Барыс" овертаймда айдын қожайындарын ұтып, тартысты кездесу 2:1 есебімен аяқталған еді. Сәйкесінше, сериядағы нәтиже де дәл сондай болатын. Ал, 7-наурыз күнгі жүздесу "Магниткаға" қиынға соқты. Екі команда да қорғанысқа бекем болуға тырысты. 1-айналымның 20-минутында айдында "Металлургтардың" төртеуі ғана қалды. Богдан Потехин тәртіп бұзғаны үшін екі минутқа айдыннан қуылды. Осы мүмкіндікті сәтті пайдаланған Антон Сагадеев алғашқы болып есеп ашты. Екінші айналымда командалар бірқалыпты ойнады. Кездесудің тағдыры тек 3-айналымда, ойын аяқталарға 4 минут 38 секунд қалғанда шешілді. Гол авторы Дастин Бойд. Сонымен, сериядағы 4-ойын 2:0 есебімен, "Барыстың" пайдасына аяқталды.

"Бүгін өте қиынға соқты. "Металлург" тамаша ойнады. Жігіттерге алғыс айтқым келеді. Көптеген қауіпті сәттерге төтеп бердік. Алғашқы болып есеп аштық және бұл қорытынды нәтижеге әсер етпей қоймады. Келесі ойын да ауыр болады", - деді "Барыстың" бапкері Андрей Скабелка. Енді "Барыс" 9-наурыз  күні  Нұр-Сұлтанда "Магнитканы" қабылдайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу