"Барыс" "Металлургты" жеңді

1501

2020-жылдың соңғы матчын "Барыс" жеңіспен аяқтады.

"Барыс" "Металлургты" жеңді

Дүйсенбі күні Магнитогорск ұжымы Уфада болды. Ол "Салават Юлаевтан" 2:4 есебімен жеңілді. Тұрақты чемпионаттың 40 матчында "Металлург" 50 ұпай жинады. Бұл Илья Воробьевтің командасына Шығыс конференциясында бесінші орынды иемденуге мүмкіндік берді. Келесі матчтарды "Магнитогорск" ойыншылары шабуылшы Сергей Мозякинсыз өткізеді. Ол жарақат алғандардың тізімінде.

Ал "Барыс" 28-желтоқсанда "Сібір" командасынан өз алаңында 1:3 есебімен жеңіліп, өзінің бес матчтық жеңіс сериясын үзді. Новосібірліктердің қақпасына салынған жалғыз шайбаның авторы Мэттью Фрэттин болды. Бұл матчта шабуылшы Захар Пархоменко ҚХЛ-да дебют жасады.

Екі команда арасындағы соңғы кездесу қараша айында өткен болатын. Ол уақытта "Барыс" Нұр-Сұлтанда "Металлург" командасын қабылдады және ресейлік команда жеңіске жеткен болатын. (2:1).

Бұл жолы 2020 жылғы соңғы матчта "Барыс" қосымша уақытта "Металлургты" жеңді. Алаң иелері алғашқы голды өз еншілеріне жазды. Вароне Фраттинге керемет пас шығарып, ал 39-шы нөмірлі "Барыс" хоккейшісі оны голға айналдырды. Екінші кезеңнің басында шабуылға уақытында қосылған Хетерингтон өз командасының басымдылығын одан әрі нығайтты. Үзіліске аз уақыт қалғанда Голдобин есепті қысқартуға тырысты. Нәтижесінде "Барыс" қақпасына гол соқты. Үшінші кезеңнің аяқталуына 40 секунд қалғанда "Металлург" ойынды қосымша уақытқа ауыстырды. Яковлевтің қақпаға бағыттаған дәл соққысынан кейін есеп теңесіп, кездесу овертаймға ұласты.

Қосымша бес минуттың ішінде Фраттин дубль жасап, "Барысқа" соңғы 12 кездесудегі оныншы жеңісті әкелді.

 "Барыс" – "Металлург" 3:2 ОТ (1:0, 1:1, 0:1, 1:0)

1:0 – 12:25 – Фрэттин (Вароне)

2:0 – 23:37 – Хетерингтон (Панюков, Фрэттин)

2:1 – 37:04 – Голдобин

2:2 – 59:20 – Яковлев ГБ

3:2 – 62:13 – Фрэттин (Диц, Вароне)

Енді 4 және 6-қаңтарда Юрий Михайлис шәкірттері Хабаровскіде "Амурмен" ойнайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу