"Барыс" минскілік "Динамоға" есе жіберді

1058

Сырт алаңдағы матчтар сериясының финалдық кездесуінде "Барыс" Минскінің "Динамосынан" 5:6 есебімен ұтылды.

"Барыс" минскілік "Динамоға" есе жіберді

Қазақстандық команданың бапкерлер штабы бұл жолы оңтайлы құрама жасақтай алмады. Медициналық себептерге байланысты Коди Куник пен Мэттью Фраттин өтінімнен тыс қалды. Сондықтан Дмитрий Гурков командаға қайта оралды.

"Барыс" бірінші минутта есеп ашты. Кирилл Савицкий қарсыластар қақпасының маңында шабуылдап, Якоб Лильяға пас берді. Ал қонақтардың 29-нөмірлі ойыншысы нысананы дәл көздеді. Біраз уақыттан кейін қазақстандық команда ойыншылар басымдығынын пайдаланып, Лилья дубль жасады. Дегенмен, үзіліске дейін алаң иелері таблодаға көрсеткішті теңестірді. Артём Демков есепті қысқартса, ал Матиас Теденби үзіліске бір секунд қалғанда гол соқты.

Екінші кезең тамаша ойынмен жалғасын тапты. Даррен Диц екі рет қарсыластардың осал тұсын тапса, Теденби дубль жасады. Соңғы үшінші кезеңде Динамо жылдамдығын арттырып, ойынның сценарийі күрт өзгерді. Усов, Кемпе және Граовацтың қақпаға соққан шайбалары минскіліктерді алға шығарды. Лилья хет-трик жасап, ұпай айырмашылығын минимумға дейін қысқартты. Бірақ "Барыс" жеңіске жете алмады.

"Динамо" – "Барыс" (6: 5) матчынан кейін командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен баспасөз жиыны өтті.

"Бұл жанкүйерлер үшін қызықты ойын болды. Көптеген голдар соғылып, матч тартысты өтті. Біз бұл ойынға дайын болдық. Бірақ бізге ойыншыларымыздың алаңнан қуылғаны кедергі болды. Ойыншылар саны жағынан басымдыққа ие болған уақытта мүмкіндікті сәтті пайдаландық, гол соқтық. Бірақ қорғаныста нашар ойнадық", – деді "Барыс" ХК бас бапкері Юрий Михайлис.

"Ойынның алғашқы кезеңі біз үшін сценарий бойынша болмады. Жинақы, жоспар бойынша ойнамадық. Ең бастысы, біз ойынға қайта оралдық. Бірінші кезеңнің екінші жартысындағы ойынымызды атап өткім келеді. Үзіліс кезінде ойынды қалай жақсартуға болатынын талқыладық. Мен жігіттердің барын салып, мінез көрсеткенін айта кетейін. Жігіттерді мақтан тұтамын. Сондай-ақ маусымдағы алғашқы кездесуін өткізіп, осы жеңіске жетуімізге көмектескен Сергей Большаковты ерекше атап өткім келеді", – деді "Динамо" командасының бас бапкері Крейг Вудкрофт.

22 қазанда "Барыс" өз алаңында Ярославльдің "Локомотивін" қабылдайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу