banner

"Барыс" ойсырай ұтылды

1440

Еліміздің ең мықты хоккей командасы қашан сырт алаңда жеңіске жетер екен?

"Барыс" ойсырай ұтылды

"Барыс" сырт алаңдағы төрт матчтық ойындар сериясын "Авангардпен" өткен кездесумен жалғастырды. Таяуда ғана Омбыға оралған "Авангард" биылғы маусымды ойдағыдай бастады деп айта алмаймыз. Оған қоса сәтсіз нәтижелер бас бапкердің ауысуына әкелді. Содан кейін "Авангард" дағдарыстан шыға бастады. Соңғы турда Михаил Кравец шәкірттері өз алаңында "Северстальді" жеңді – 4:3. Бүгінгі күнге дейін 21 кездесуде "Авангард" 18 ұпай жинады. Әзірге бұл оларға Шығыста тек оныншы орынды иеленуге мүмкіндік береді.

Ал "Барыс" сырт алаңдағы матчтар сериясын  "Нефтехимиктен" 2:4 есебімен жеңіліспен бастады. Астаналықтар маусымдағы екінші ойында Нижнекамск ұжымынан жеңіліп қалды. 22 матчтан кейін жинаған 23 ұпай қазақстандықтарға плей-офф аймағында өздерін сенімді сезінуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні "Барыс" өз конференциясында бесінші болып отыр.

Биылғы маусымда "Барыс" пен "Авангард" Қазақстан астанасында екі матч өткізіп үлгерді. Біріншісінде айдын иелері жеңіске жетті – 5:3, екінші кездесуде Ресей құрамасы мықтырақ болды – 5:2.

Қонақта өткен екінші ойында "Барыс" "Авангардтан" ірі есеппен ұтылды. Андрей Скабелка шәкірттері үшін бұл жеңіліс осы маусымдағы қатарынан үшінші және ең ірі жеңілісі болды. Қазақстандық команданың бапкерлер штабы өткен ойынмен салыстырғанда қорғаныс шебіндегі комбинацияларды біраз өзгертті. Матчқа Джесси Грэм мен Михаил Григорьевтің орнына Самат Данияр, Юрий Сергиенко және Егор Шалапов тізімге енді. Сондай-ақ шабуылшы Дмитрий Гурков ойыннан тыс қалды.

Алғашқы кезеңде қауіпті сәттер көп бола қойған жоқ. Дегенмен ойынның 2-минутында "Авангард" сапынан Буше есеп ашты. Матчтың 23-минутынан кейін Найт есепті еселей түсті. Осыдан кейін айдын қожайындарды голдарды қарша боратты. Нәтижесінде қатарынан тағы 4 гол соғылды. Гол авторлары Ткачёв, Брюквин. Ал Найт хет-трик жасап, кездесудің қаһарманы атанды. Қорытынды есеп 6:0.

27 қазанда "Барысты" Новосібірде "Сібір" командасы қабылдайды.

 "Авангард" – "Барыс" 6:0 (1:0, 3:0, 2:0)

1:0 – 02:31 – Буше (Ткачёв)

2:0 – 23:06 – Найт (Ткачёв, Буше)

3:0 – 25:22 – Ткачёв (Буше)

4:0 – 35:47 – Найт (Ткачёв, Буше)

5:0 – 45:41 – Брюквин (Дергачёв)

6:0 – 57:22 – Найт (Буше, Ткачёв)

ҚақпашыларДемченко – Гудачек (Бояркин, 25:22-60:00)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу