"Барыс" овертаймда "Ақ Барсқа" жеңілді

2612

"Барыс" тұрақты чемпионаттың сырт айдындағы матчтар сериясын "Ақ Барспен" өткен кездесумен ашты.

"Барыс" овертаймда "Ақ Барсқа" жеңілді

Шығыста бірінші орында келе жатқан қазандық ұжымның ҚХЛ тұрақты чемпионатында қорытынды жеңіске жету үшін барлық мүмкіндігі бар. Дмитрий Квартальныйдың командасының активінде 57 матчтан 87 ұпай жиналды.

Өткен турда "Ақ Барс" овертаймда "Спартактан" 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Команданың үздік бомбардирі Стефан Да Коста (57 ұпай, 27+30) және Микаэль Викстранд өздерінің мергендіктерімен көзге түсті. Қақпашы Адам Рейдеборн 21 соққыға тойтарыс берді.

Ал "Барыс" жексенбі күні "Сібір" командасынан өз айдынында 1:5 есебімен жеңіліп қалды. Қонақтардың қақпасына соғылған жалғыз шайбаның авторы тұрақты чемпионатта голдар бойынша жеке рекорд орнатқан Никита Михайлис болды. Қақпашы Денис Каратаев ҚХЛ-да дебют жасады.

"Ақ Барс" пен "Барыс" командалыры осыған дейін үш кездесу өткізіп, оның екеуінде ресейлік ұжым жеңіске жетті (3:1 және 4:2) және екі матчты да қазандықтар Нұр-Сұлтанда жеңді.

Бұл жолы "Барыс" "Ақ Барсқа" овертаймда жеңіліп қалды. "Ақ Барс" жекпе-жекті жақсы бастап, алғашқы минуттарда-ақ есеп ашудың бірнеше мүмкіндігіне ие болды. Алайда "Барыстың" қорғанысы мықты болып шықты. Кейінірек қонақтар ойынды өз қақпасынан алыстатты. Бұған қарамастан Кертис Волк алғашқы болып есеп ашты.

Екінші кезеңнің ортасында Диц көзге түсіп, есепті еселей түсті. Бірақ жылдам шабуыл ұйымдастырған айдын иелері көп ұзамай қонақтар қақпасынан саңылау тауып, Виктор Тихонов гол авторы атанды. Соңғы кезеңде қарсыластар шайба алмасты. Бұл жолы Дмитрий Юдин и Филип Вароне гол соқты. Содан кейін Кирилл Петров екінші мәрте есепті теңестірді. Нәтижесінде матчтың қорытындысы бойынша есеп тең аяқталып, кездесу овертаймға ұласты - 3:3.

Қосымша уақытта Артём Галимов Карлссоннан айласын асырып, айдын иелеріне жеңіс сыйлады.

25 ақпанда Юрий Михайлис шәкірттері "Кунлунь" командасымен кездеседі.

 "Ак Барс" – "Барыс" 4:3 ОТ (0:1, 1:1, 2:1, 1:0)

0:1 – 19:23 – Волк (Диц, Карлссон) ГБ +2

0:2 – 31:02 – Диц (Вароне, Фрэттин)

1:2 – 34:03 – Тихонов (Доус, Да Коста)

2:2 – 50:41 – Юдин (Петров, Рукавишников)

2:3 – 51:32 – Вароне (Виделль)

3:3 – 52:35 – Петров (Кормье)

4:3 – 60:53 – Галимов (Воронков, Викстранд)

Қақпашылар: Билялов – Карлссон

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу