"Барыс" овертаймда "Металлургке" жол берді

402

Елордалық клубқа бұл жолы сәттілік жетіспеді.

"Барыс" овертаймда "Металлургке" жол берді Фото: sports.kz

Астаналық "Барыс" 5 матчтан тұратын үй сериясын маусымның көшбасшысы – магнитогорскілік "Металлургке" қарсы кездесуымен жалғастырды.

Бағдарламаға сәйкес құрамға тек бір өзгеріс енгізілді. Дмитрий Бреустың орнына 7-ші қорғаушы ретінде Кирилл Никитин қосылды.

Кездесудің алғашқы бөлігінде "Барыс" ширақ ойнап, қарсылас қақпасына 15 соққы бағыттады. Алайда есепті қонақтар ашты. Магнитогорск хоккейшілері аз мүмкіндіктің бірін тиімді пайдаланып, Руслан Исхаков Артём Минулиннің пасынан кейін шайбаны дәл бағыттады. Екінші кезеңнің басында Исхаков дубль авторы атанды.

"Барыс" таразы басын теңестіруге талпынды. Дінмұхамед Қайыржан қарсылас қақпасының бағанын көздесе де, сәттілік жетпеді. Дегенмен 36-минутта Тайс Томпсон есеп айырмасын қысқартты.

Үшінші кезеңнің басында Всеволод Логвин мүмкіндікті пайдалана алмады. Дегенмен астаналықтар мінез танытты: Райли Уолш таразы басын теңестіріп, матч соңында Никита Бояркин бірнеше сейв жасап, команданы овертаймға жеткізді.

Қосымша уақытта Дерек Барак шешуші шайбаны соғып, нәтижесінде "Металлург" 3:2 есебімен жеңіске жетті.

20 ақпанда Михаил Кравец шәкірттері өз айдынында "Куньлуньді" қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу