Барыс овертаймда "Северстальдан" басым түсті

1296

Қонақтағы матчтар сериясының соңғы ойынында "Барыс" қосымша уақытта "Северстальды" ұтып, жеңілістер сериясына нүкте қойды.

Барыс овертаймда "Северстальдан" басым түсті

"Барыс" хоккейшілері кездесуді лайықты бастап, үшінші минутта Кирилл Савицкий есеп ашты. Шабуылшы көк сызықтан лақтырылған шайбаны тосып алып, қақпаға дәл бағыттады. Дегенмен "Северсталь" алғашқы үзіліске жеңімпаз ретінде кетті. Илья Хохлов шабуылға шығып, Адам Лишка есепті теңестірді. Ал бірінші кезеңнің аяқталуына тоғыз секунд қалғанда Иван Емец гол соғып, командасын алға шығарды.

Екінші кезеңнің басында Роман Старченко таблодағы көрсеткішті теңестірді. Бірақ "Барыс" хоккейшілерінің қуанышы ұзаққа бармады. Максим Колмыков "Северсталь" командасын тағы алға шығарды.

Олле Альсинг айдынның дәл ортасынан қақпаға соққы бағыттап, есеп 3:3-ке жетті. Нәтижесінде қарсыластар негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмады. Қосымша бес минутта қонақтар өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланды. Жеңісті голдың авторы Кертис Волк. Осылайша елордалық команда жеңіске жетті.

"Северсталь" - "Барыс" (3:4 ОТ) ойынынан кейін командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

"Жақсы, қарқынды ойын болды. Қақпа алдында көп күрес болды. Бүгін команда тапсырманы орындады. Қорытынды жасап, келесі ойында қателіктерді түзетеміз. Жалпы команда тартысты өнер көрсетті. Барлық жігіттер тамаша ойнады. Жеңіс құтты болсын!", – деді "Барыс" ХК бас бапкері Юрий Михайлис.

"Матчта жеңіліп қалдық. Біз бүгін кейбір ойыншылардың неліктен ойыннан тыс қалғанын анықтаймыз. Біздің команда үшін әдеттен тыс қателіктер жіберілді", – деді "Северсталь" ХК бас бапкері Андрей Разин.

23 қараша күні "Барыс" өз айдынында Минскінің "Динамосын" қабылдайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу