"Барыс" овертаймда "Сочиді" жеңді

1858

Бүгін, 2 қазан "Барыс" хоккей клубы "Сочимен" өткен кездесумен өз алаңындағы матчтар сериясын бастады.

"Барыс" овертаймда "Сочиді" жеңді

Андрей Назаровтың ұжымы чемпионаттың бірінші айын сәтті өткізді деп айту қиын.  Қазіргі уақытта "Сочиде" тек екі жеңіс бар (5 ұпай). Нәтижесінде команда Батыс конференциясында соңғы орынға жайғасты.

Өткен турда Сочи құрамы өз алаңында Минсктің Динамосын 3-1 есебімен жеңді. Артем Николаев, Кирилл Петьков және Никита Точицкийдің дәл лақтырулары, сондай-ақ Максим Третьяктың орындауындағы 34 сейв ұзаққа созылған жеңілістер сериясын үзуге көмектесті. "Сочи" құрамындағы алғашқы ойында жаңадан келген Артем Федоров нәтижелі ойын көрсетті.

Ал "Барыс" соңғы қонақтағы серияны жақсы өткізді және Батыс туры кезінде мүмкін болатын 6-дан 4 ұпай жинады. Сәрсенбі күні Мәскеуде қазақстандықтар "Спартакты" жеңді. Жекпе-жектің басты кейіпкерлерінің бірі Аркадий Шестаков болды. Ол жеңіс голын соғып қана қоймай, нәтижелі пас та берді. Бүгінгі кездесу алдында 12 матчтан кейін астаналықтардың өз активтерінде 13 ұпай болды. Бұл плей-офф аймағында орналасуға мүмкіндік береді. Шамамен бір ай бұрын "Барыс" пен "Сочи" маусымның алғашқы матчын өткізген болатын. Ол уақытта  қазақстандықтар қонақта 3:6 есебімен "Сочиге" жол берді.

Дегенмен бұл жолы астаналықтар есе қайтарды. Өз айдынындағы бірінші ойында "Барыс" қосымша уақытта "Сочиден" басым түсті. Айдын қожайындарының бапкерлік штабы барлық дерлік комбинацияларды өзгертті. Майкл Шапю ҚХЛ-дағы алғашқы ойынын өткізсе, Юлиус Гудачек қақпадан орын алды. Барыс біраз уақыт бойы ойынға кірісіп кете алмады. Ал қонақтар өз мүмкіндіктерін іске асыруға барын салып, бірінші үзіліске дейін екі гол соғып үлгерді. Алдымен Никита Зоркин, сәлден соң Никита Пивцакин көк сызықтан шайбаны қақпаға дәл лақтырды.

Екінші кезеңнің басынан бастап айдынға Никита Бояркин шықты. Тез арада астаналықтар таблода теңдік орнатты. "Барыс" сапынан Антон Сагадеев, кейін Джереми Бракко қақпашының қателігін пайдаланып, елордалық көрерменді екі рет қуантты. Кейінірек, Энтони Луи гол соқты. Бірақ қонақтар ойынға қайта оралуға күш тапты. Никита Попугаев Бояркиннен айласын асырды.

Линден Вей үшінші кезеңде де гол соғуын тоқтатпады. Ал 64-минутта овертаймда дубль жасады. Қорытынды есеп 5:4.

4 қазан күні Андрей Скабелка шәкірттері өз алаңында "Нефтехимикпен" ойнайды. "Барыс" – "Сочи" 5:4 ОТ (0:2, 3:2, 1:0, 1:0)

0:1 – 04:18 – Зоркин (Тянулин, Фёдоров)

0:2 – 15:36 – Пивцакин (Морроу)

1:2 – 22:00 – Сагадеев (Михайлис, Бекетаев)

2:2 – 25:04 – Бракко

3:2 – 29:32 – Луис (Грэм, Вей)

3:3 – 30:19 – Попугаев (Феоктистов)

3:4 – 38:09 – Попугаев (Фёдоров, Попов)

4:4 – 45:33 – Вей (Бракко, Луис)

5:4 – 61:44 – Вей (Бракко, Грэм)ОТ

ҚақпашыларГудачек (Бояркин, 20:00-60:00) – Третьяк

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу