"Барыс" овертаймда жеңіске жетті

2005

Қатарынан төртінші мәрте жеңіске жеткен елордалық хоккей командасы Шығыс конференциясында 7-орынға көтерілді.

"Барыс" овертаймда жеңіске жетті

Сырт алаңдағы матчтар сериясының соңғы кездесуінде "Барыс" қосымша уақытта "Витязьді" жеңді. Бұл жолғы кездесуде "Барыстың" бапкерлері команда құрамына екі өзгеріс енгізді. Ортио қосалқы құрамда болды. Ал Әлихан Әсетов Павел Акользинді алмастырды.

Алғашқы кезеңде Витязь аренасының көрермендері үш голдың куәсі болды. Алаң қожайындарынан Александр Сэмин мен Джастин Данфорт көзге түсті. Содан кейін "Барыстан" Линус Виделль гол соқты. Екінші кезеңнің басында қазақстандық команда бірден қарсыластар қақпасына екі гол салды. Екі голдың арасы небәрі 21 секундты құрады. Валерий Орехов осы маусымдағы алғашқы голын соқса, Никита Михайлис Даррен Дитцтің шығарған пасын тамаша пайдаланды. Осыдан кейін "Витязь"  хоккейшілері қарап қалмады. Толассыз шабуылдардан соң Данфорт дубль жасады.

Кездесудің аяқталуына шамамен екі минуттай қалғанда Захар Бардаков командасын алға шығарды. Алайда Михайлис тез арада дубль жасап, таблодағы теңдікті орнатты. Содан кейін матч овертаймға ұласты. Бірақ, овертайм ұзаққа созыла қойған жоқ. Джесси Блейкердің дәл соққысы қазақстандықтарға қатарынан төртінші жеңісті сыйлады. Нәтижесінде команда Шығыс коференциясында жетінші орынға көтерілді. Енді 26-қаңтарда Юрий Михайлис шәкірттері Челябинскінің "Тракторын" өз айдынында қабылдайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу