"Барыс" пен "Авангард" арасындағы екінші кездесуде омбылықтар екі ұпайға қол жеткізді. Айдын иелерінің бапкерлік штабы құрамға біраз өзгерістер енгізді. Алғашқы минуттардан-ақ Андрей Шутов қақпадан орын алды. Қорғаныс шебінде Самат Даниярдың орнына Юрий Сергиенко шықты. Кирилл Максимов пен Диас Гусейнов ойыншылар тізімінен тыс қалып, олардың орындарын Михаил Рахманов пен Дмитрий Гурков басты.
Александр Дергачев пен Сергей Толчинскийдің дәл соққыларынан кейін қонақтар алға шықты. Үзіліске аз уақыт қалғанда Егор Петухов бір гол соғып үлгерді. Шабуылшы үшін бұл ағымдағы маусымдағы бірінші гол болды.
Екінші кезеңнің басында Рид Буше ойыншылар саны жағынан артықшылықты пайдаланса, ал келесі үзілісте Семён Чистяков Никита Бояркинді қапы қалдырды. Осылайша есеп 4:1-ге жетті. Кездесудің 40-минутында Линден Вэй қазақстандық жанкүйерлерге үміт отын сыйлағандай болды. Бірақ, Алексей Береглазовтың шайбасы ойынның нүктесін қойып, матч 5:2 есебімен "Авангард" хоккей клубының пайдасына аяқталды.
18 қыркүйекте Андрей Скабелка шәкірттері өз алаңында "Сібір" командасымен ойнайды.
"Барыс" – "Авангард" 2:5 (1:2, 0:3, 1:0)
0:1 – 08:30 – Дергачёв (Жарков)
0:2 – 17:10 – Толчинский (Ткачёв, Гуляев)
1:2 – 18:10 – Петухов (Сергиенко)
1:3 – 23:30 – Буше (Ярош, Ткачёв)
1:4 – 24:19 – Чистяков (Шарипзянов)
1:5 – 36:16 – Береглазов (Белов, Буше)
2:5 – 40:22 – Вей (Грэм)
Қақпашылар: Шутов (Бояркин, 23:48-60:00) – Демченко
Ермұхамед Мәулен