"Барыс" өз айдынында "Локомотивтен" ірі есеппен ұтылды

243

Қазан айындағы алғашқы ойында астаналық "Барыс" Гагарин кубогының қазіргі иегері – ярославльдік "Локомотивті" қабылдады.

"Барыс" өз айдынында "Локомотивтен" ірі есеппен ұтылды Фото: ru.hcbarys.kz

Құрамда бір ғана өзгеріс болды: жетінші қорғаушы ретінде Тайлер Уотерспун тіркелді.

Ойын қонақтардың басымдығымен басталды. 4-минутта Андрей Сергеев алыстан соққы бағыттап, Адам Шилдің "құрғақ" сериясын 111 минут 35 секундтан кейін үзді. Екінші кезеңнің басында Байрон Фрэз есепті еселеді.

Үшінші кезеңде ярославльдіктер қысқа уақыт ішінде екі рет мергендік танытты: Георгий Иванов пен Егор Сурин 36 секунд ішінде шайба соғып, алаң иелерін қақпашыны ауыстыруға мәжбүр етті.

55-минутта Райли Уолш гол соғып, жанкүйерлерге үміт сыйлағанымен, Никита Кирьяновтың соңғы шайбасы "Локомотивтің" жеңісін түйіндеді.

Қорытынды есеп: "Барыс" – "Локомотив" 1:5 (0:1, 0:1, 1:3).

Шайбалар:

0:1 – 03:19 Сергеев (Береглазов, Сурин)

0:2 – 25:02 Фрэз (Паник, Кирьянов)

0:3 – 43:30 Иванов (Радулов, Сурин)

0:4 – 44:06 Сурин (Сергеев, Радулов)

1:4 – 55:34 Уолш (Ғалымов, Омірбеков)

1:5 – 58:47 Кирьянов (Фрэз, Паник)

Қақпашылар: Шил (Шутов, 44:06–60:00) – Мельничук.

Келесі ойынын "Барыс" 5 қазан күні Новосібірде жергілікті "Сібірге" қарсы өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу