"Барыс" өз айдынында жеңілді

2297

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін "Барыс" өз айдынында жеңіліп қалды. 

"Барыс" өз айдынында жеңілді

Елордалық "Барыс" бұл жолы Санкт-Петербор қаласының СКА командасын қабылдады. Алғашқы периодта жақсы ойнаған қазақстандық клуб бірінші болып есеп ашты. Бірақ, петерборлықтар ұзақ күттірмей таразы басын теңестірді. 11 секунд ішінде шайба салып, қарсыласты есеңгіретіп салған айдын иелері, бірінші периодтың ішінде қақпаларына арт-артынан 3 шайба жіберіп алды. Сосын Блэкер мен Старченконың арқасында Маклюков бір шайда салып, есепті 2:3 қылды. Ал одан кейінгі екі периодта шайбаны тек қана қонақтар ғана салып отырды. Қорытынды нәтиже 2:6, СКА командасының пайдасына. 

"Барыс" (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) — СКА (Санкт-Петербор, Ресей) 2:6 (2:3, 0:3, 0:0)
Шайбылар
1:0 — 00:11 Охтамаа (Шевченко). 
1:1 — 03:04 Лехтеря (Ткачёв Владимир Э.). 
1:2 — 03:43 Зуб (Якупов, Кагарлицкий). 
1:3 — 11:25 Зуб (Якупов, Кагарлицкий). 
2:3 — 12:13 Маклюков (Блэкер, Старченко).
2:4 — 25:29 Якупов (Кагарлицкий, Кузьменко). 
2:5 — 28:31 Токранов (Ткачёв Владимир Э., Бенгтссон). 
2:6 — 37:42 Зуб (Кетов, Ткачёв Владимир Э.).

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу