Астаналық "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының кезекті чемпионат ойындарында қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Елордалық "Барыс" хоккей клубы өз мұз айдынында Магнитогорск қаласының "Металлург" командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңді.
Ойындағы алғашқы шайбаны 1-минутта "Барыс" ойыншысы Максим Мұхаметов соқты. Алайда арада үш минут өткен соң қарсылас команданың хоккейшісі Дмитрий Силантьев таразы басын теңестірді.
Ал ойынның 28-минутында "Барыс" хоккейшісі Кирилл Панюковтың соққан шайбасы елордалық командаға жеңіс сыйлады. Сондай-ақ ресейлік "Металлург" хоккей клубы сапында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Никита Михайлис өнер көрсетеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу