"Барыс" плей-офф кезеңі алдында жаттығу өткізді

1400

Ертең, 1 наурыз "Барыс" пен "Металлург" арасындағы ¼ финалдық серияның алғашқы ойыны өтеді. Кездесу Магнитогорск қаласында өтеді және Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады. 3 наурыз күні екінші матч өтеді. Одан кейін командалар Нұр-Сұлтанға келеді. Серия командалардың бірінің төрт жеңісіне дейін жалғасады.

"Барыс" плей-офф кезеңі алдында жаттығу өткізді

Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңі алдында "Барыс" елордада жаттығу өткізді. "Барыстың" бас бапкері Юрий Михайлис құраманың Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне дайындығы туралы әңгімеледі.

– Юрий Владимирұлы, команданың плей-офф кезеңіне дайындығын қорытындылай кетсеңіз.

- Дайындық жақсы, екі оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Жолдастық ойындарға дейін физика мен техникаға көбірек көңіл бөлдік. Жолдастық кездесуде қарсыластар екі өте мықты команда – Мәскеудің "Динамосы" мен "Спартак" болды. "Спартакпен" бірінші ойында біз шабуылда басымдық таныттық. Голдар соқтық, біз ұйымдастырған шабуылдардың басым көпшілігі нәтиже берді. Динамоның үздік ойыншылары болмаса да қорғанысы өте мықты болды. Осындай тәжірибе жинақтайтын ойындар бізге өте қажет еді. Мұның плей-офф кезеңінде бізге пайдасы тиері сөзсіз.

- Үш матчта да хоккейшілер құрамы өзгермеді. Жаңа комбинациядағы ойынды қалай бағалайсыз?

Роман Старченко бізбен бірге бармады, олар демалды. Сондықтан оның орнына Әлихан Әсетов қойылды. Ол керемет ойнады, көшбасшылардың бірі болды. Егор Петуховқа келер болсақ, ол өз стилінде өнер көрсетті.

- Дмитрий Гурков жарақат алғандардың тізіміне ауыстырылды. Орталық шабуылшының алдағы ойындарға қатыспауы командаға қаншалықты әсер етеді?

Әрине, оның жоқтығы бірден білінеді. Өте өкінішті. Бізде қазірдің өзінде құрам қысқартылған. Сондықтан кез келген ойыншының жарақат алуы командаға қатты әсер етеді.

Сонымен қатар шабуылшы Никита Михайлис те плей-оффқа дайындығы туралы айтты.

- Никита, плей-оффтың басталуына бір күн қалды? Дайындығыңыз туралы айта кетсеңіз.

– Сырт айдында өткізген ойыннан кейін біраз демалып алдық. Себебі бір жарым ай матчтар болмады. Көңіл-күйіміз жақсы. Жігіттер айдынға шығып, жақсы ойын көрсеткілері келеді. Біз дайынбыз.

- Қарсыластар туралы не айта аласыз?

- Жылдам ойнайтын команда. Көп ұпай жинайды. Бірақ біз оларға қарамай, өз ойынымызды ойнаймыз.

- Никита, біз үшінші маусым қатарынан "Металлургпен" кездесейін деп жатырмыз. Қазір онда Қазақстан құрамасының хоккейшілері ойнайтынын ескерсек, бұл текетірес қиынға соқпай ма?

- Жалпы мен үшін бұл маңызды емес. Әр маусым сайын жаңа команда, жаңа ойыншылар құрамы. Соңғы матчтарда жақсы ойнадық. Сондықтан мүмкіндігіміз жоғары деп ойлаймын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу