"Барыс" плей-оффтан шығып қалды

1668

Нұр-Сұлтанда "Металлург" пен "Барыс" арасында ҚХЛ Шығыс конференциясының ¼ финалы сериясындағы алтыншы матч өтті.

"Барыс" плей-оффтан шығып қалды

Естеріңізге сала кетсек, бесінші кездесуде 5:1 есебімен Магнитогорск командасы жеңді. Илья Воробьевтің командасына жеңісті Сергей Мозякиннің, Николай Прохоркиннің, Николай Голдобиннің, Тейлор Бек пен Деннис Расмуссеннің дәл соққылары әкелді. "Барыс" сапындағы жалғыз шайбаның авторы Кертис Волк болды.

Ал сериядағы алтыншы матчтың бірінші кезеңінде "Барыс" 5-те 3 форматында  дейін бір минуттан аса уақыт ойнауға мүмкіндік алды. Бірақ, Юрий Михайлис шәкірттері мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады.

Екінші кезеңде көрермендер төрт голдың куәсі болды. Қонақтар Семен Кошелев пен Деннис Расмуссеннің арқасында екі гол соқты. "Барыс" бұған Линус Виделль мен Никита Михайлистің дәл соққыларымен жауап берді.

Үшінші кезеңде "Металлургқа" қайтадан ойынды өз бақылауларында ұстады және Сергей Мозякин магнитогорскілік команданы алға шығарды. Осыдан кейін Тейлор Бек Ортионың қақпасына төртінші шайбаны соқты. Ал Кирилл Панюков есеп айырмасын қысқартты. Бірақ, айдын иелеріне соңғы шабуыл ұйымдастыруға күш жетпеді. Сергей Плотников "Барыстың" бос қақпасына соңғы голды соғып, серияны қорытындылады.

"Барыс" – "Металлург" 3:5 (0:0, 2:2, 1:3)

0:1 – 25:34 – Кошелев (Дронов, Плотников)

1:1 – 32:58 – Виделль (Михайлис, Линтуниеми)

1:2 – 36:44 – Расмуссен (Бек, Хольм)

2:2 – 39:46 – Михайлис (Виделль)

2:3 – 45:50 – Мозякин (Бек)

2:4 – 54:53 – Бек (Мозякин)

3:4 – 57:05 – Панюков (Виделль, Диц)

3:5 – 58:54 – Плотников (Кулёмин)

ҚақпашыларОртио – Олкинуора

"Барыс" серияда 2-4 есебімен жеңіліп, маусымды аяқтады. Ал магнитогорскілік команда 2018-жылдан бері бірінші рет Гагарин кубогының ширек финалына шықты. Енді "Металлург" "Авангардқа" қарсы төрт жеңіске дейін серия ойнайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу