"Барыстың" бапкерлер штабы турнирдегі алғашқы матчқа жаңадан келген ойыншылардың барлығын дерлік шығарды.
Кездесуде айдын иелері бірінші болып есеп ашты. Гол авторы Никита Михайлис. Бірақ, кезекті шабуылдардың бірінде "Барыс" қарсыластарға есе жіберді. Бұл жолы Степан Хрипунов Бояркиннен айласын асырды.
Екінші кезеңнің ортасында Джереми Бракко "Барыс" сапындағы алғашқы голын соқты. Жаңа ойыншы "Автомобилист" қақпасына тамаша соққы жасады. Дегенмен қарсыластар қарап қалмады. Анатолий Голышев есепті теңестіріп кетті. Есеп 2:2.
Соңғы үшінші кезеңде Энтони Луис пен Анатолий Голышевтiң арқасында есеп 3:3 болды. Нәтижесінде, ойын овертаймға ұласты. Қосымша бес минуттық кезеңде Виктор Неучев қонақтарға турнирдегі алғашқы жеңіс сыйлады.
17 тамызда "Барыс" "Нефтехимикпен" ойнайды. Матч 19:30-да басталады. Күндізгі сессияда "Автомобилист" пен "Металлург" кездеседі.
"Барыс" – "Автомобилист" 3:4 ОТ (1:1, 1:1, 1:1, 0:1)
1:0 – 13:18 – Михайлис (Вей, Луис)
1:1 – 17:06 – Хрипунов
2:1 – 32:22 – Бракко (Вей, Михайлис)
2:2 – 39:04 – Голышев
3:2 – 52:19 – Луис (Грэм, Бракко)
3:3 – 58:40 – Голышев (Блэкер, Мэйсек)
3:4 – 60:43 – Неучев
Қақпашылар: Бояркин – Галкин
Ермұхамед Мәулен