Бүгінгі матчта Андрей Скабелка келесі ойыншыларды айдынға шығарды: Шутов (Бояркин) - Бекетаев-Грэм, Қайыржан-Гусейнов-Луис; Григорьев-Биграс, Максимов-Сагадеев-Савицкий; Данияр-Сергиенко, Әсетов-Шестаков-Петухов; Гайтамиров-Минеев, Мұратов-Гурков-Шайхмедденов.
Бірінші кезеңде соғылған голдардың куәсі бола алмадық. Екінші кезеңде қазақстандық клуб қарсыластары соққан голға екі рет жауап берді. Гол авторлары Энтони Луи мен Аркадий Шестаков. Бірақ соңғы жиырма минуттық кезеңге дейін магнитогорлықтар қайтадан алға шықты. Барлығы ойынның финалдық бөлігінде шешіліп, ресейліктер есеп айырмасын 5:2-ге дейін ұлғайтты.
"Барыстың" бас бапкері Андрей Скабелка "Металлургтен" жеңілгеннен кейін (2:5) ойынға қатысты пікір білдірді.
– Біз мұндай құраммен ойнамауымыз керек едік. Бұл мәжбүрлі қадам болды. Михайлис пен Вэй өздерін нашар сезінді. Ал біз тәуекелге бармадық. Басқа жігіттерге өздерін көрсетуге мүмкіндік бердік. Кейбіреулері жақсы жұмыс істеді, кейбіреулері ойдағыдай өнер көрсете алмады. Жақсы ойнайтын жас ойыншылардан Гусейнов, Қайыржан бар. Бірақ әзірге олардың толық бір матчқа күштері жетпейді. Турнир нәтижесіне келер болсақ, өзіміз қалаған нәрсеге қол жеткіздік. Ойын тәжірибесін жақсартып, чемпионатты бастайтын хоккейшілерді анықтадық, – деді Скабелка.
Осылайша турнирде "Барыс" Екатеринбургтің "Автомобилист" командасынан (1:2) басым түскенімен, Челябинскінің "Тракторына" (2:3) және "Металлургке" (2:4) есе жіберді.
"Металлург" (Магнитогорск, Ресей) – "Барыс" (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 5:2 (0:0, 3:2, 2:0)
Шайбалар:
1:0 – 21:23 Зернов (Карпов, Голдобин).
1:1 – 26:40 Луис (Гусейнов).
2:1 – 27:52 Карпов (Зернов, Голдобин).
2:2 – 28:32 Шестаков (Петухов, Сергиенко).
3:2 – 38:31 Карри (Гребёнкин).
4:2 – 43:28 Юров (Акользин, Ерёменко).
5:2 – 59:56 Юров.
Қақпашылар: Кошечкин 00:00-43:28, Моисеев 43:28-60:00 – Шутов
Ермұхамед Мәулен