Алғашқы голды қытайлықтар 36-секундта соқты. Гол авторы Люк Локхарт. Бірақ араға жеті минут салып Антон Петров есепті теңестірді. "Куньлунь" 13-минутта тағы да алға шықты. Бұл жолы қазақстандық клубтың бір ойыншысы алаңнан қуылып, мұны Паркер Фу шебер пайдаланды. Екінші кезеңнің ортасында "Торпедо" хоккейшілері Дмитрий Гренцтің дәл соққысының арқасында есепті теңестірді. Сәлден соң Кори Кейн қытайлық команданы тағы алға шығарды.
"Торпедо" екінші үзіліске дейін үшінші голды соғып үлгерді. 37-минутта Иван Кучин өз командасына бір ұпай сыйлады. Үшінші кезеңнің басында таблодағы көрсеткіш 3:3 болды. Бірақ 56-минутта Брэндон Йиптің соққан голы командасына жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп 3:4.
Ал "Барыс" ХК Қазақстан президенті кубогының матчында "Сарыарқадан" жеңілді. Бұл команда үшін жаңа маусым алдындағы алғашқы ресми кездесу болды. Матч "Барыс Аренада" өтіп, 4:3 есебімен қарағандылықтардың пайдасына аяқталды. Қонақтар бірінші кезеңде 2:0 есебімен алға шықты. Кездесудің жетінші минутында Даниила Ларионов "Сарыарқаны" алға шығарды. Үзіліске 30 секунд қалғанда Владислав Кулиев есепті еселей түсті. Екінші кезеңнің басында Барыстың жаңа ойыншысы Кристиан Томас есеп айырмасын қысқартты. Бірақ көп ұзамай астаналық қонақтардың шабуылшысы Никита Аноховский есепті 1:3-ке жеткізді.
Екінші кезеңнің соңына дейін есеп айырмасы қайта қысқарды. Бұл жолы "Барыстың" тағы бір жаңа ойыншысы Коди Куник көзге түсті. 45-минутта "Сарыарқа" сапынан Владислав Кулиев тағы да гол соқты. 19-минутта Мэтт Фрэттин есепті 3:4-ке жеткізіп, "Барыс" қайтадан гол салды. Бірақ алаң иелері ойынды овертаймға дейін жалғай алмады.
Айта кетейік, ертең, 12 тамыз Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де "Сарыарқа" - "Торпедо", 19:30-да "Куньлунь Ред Стар" - "Барыс" командалары өзара кездеседі.
Ермұхамед Мәулен