"Барыс" сериядағы төртінші кездесуде есепті теңестірді

1771

ҚХЛ Шығыс конференциясының ширек финалының сериядағы төртінші матчында "Барыс" "Металлургты" тізе бүктірді.

"Барыс" сериядағы төртінші кездесуде есепті теңестірді

Ойынның басында қонақтар есеп ашты. Гол авторы Николай Прохоркин. Бірінші үзіліске бір секунд қалғанда Мэттью Фраттиннің шабуылының нәтижесінде таблодағы көрсеткіш теңесті. 25-минутта Николай Голдобин айдынның дәл ортасынан қақпаға дәл соққы бағыттап, екінші рет Ортиодан айласын асырды. Бірақ Джесси Блэйкер тез арада сол жақ борттан қақпаға шайбаны тура бағыттап, есепті теңестірді.

Үшінші кезең тартысты өтті. Бұл жолы Роман Старченко көзге түсті. Нәтижесінде "Барыс" қонақтардан басым түсіп, есеп 3:2-ге жетті. Соңғы минутта Кирилл Панюков қонақтардың бос қақпасына соққы жасап, қорытынды есепті орнатты. Осылайша кездесу 4:2 есебімен, "Барыстың" пайдасына аяқталды.  

"Барыс" – "Металлург" 4:2 (1:1, 1:1, 2:0)

0:1 – 03:33 – Прохоркин (Хольм, Голдобин)

1:1 – 19:59 – Фрэттин (Вароне, Панюков)

1:2 – 24:03 – Голдобин (Прохоркин, Пашнин)

2:2 – 26:58 – Блэкер (Виделль)

3:2 – 52:38 – Старченко (Волк, Михайлис)

4:2 – 59:20 – Панюков (Ортио)

ҚақпашыларОртио – Олкинуора

Кездесу аяқталған соң командалардың бас бапкерлері кездесуге қатысты өз пікірлерін білдірді.

"Тартысты матч болды. Бесте үш форматындағы ойын барысында айдын иелері гол соқты. Біз де гол соғуымыз керек еді. Енді келесі ойынға дайындаламыз", - деді "Металлург" ХК бас бапкері Илья Воробьев.

"Эмоционалды және жүйке жұқартарлық ойын. Қақтығыстар көп болды. Біз бесте үш форматындағы ойында қарсыластарға төтеп бердік. Жеңіс құтты болсын!", - деді "Барыс" Хоккей клубының бас бапкері Юрий Михайлис.

10-наурызда командалар Магнитогорск қаласында сериядағы бесінші матчты өткізеді. Ал 12-наурызда алтыншы матч елордада өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу