"Барыс" "Северстальдан" ірі есеппен ұтылды

305

Ойын 2:6 есебімен ресейлік команданың пайдасына аяқталды.

"Барыс" "Северстальдан" ірі есеппен ұтылды Фото: sports24.kz

Астананың "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында өткен кезекті матчта жеңіліс тапты.

Өз айдынындағы төртінші матчта "Барыс" "Северстальмен" кездесті. Елордалық команда сапына Данил Бутенко, Роман Старченко және Кирилл Панюков қайта оралды.

Матч тәртіп бұзған алаң иелерінің қатарынан екі рет айдыннан қуылумен басталды. Ал "Северсталь" мұндай мүмкіндікті мүлт жібермеді. 

"Астаналықтардың" қақпасына соққан келесі екі гол Николай Буренов пен Алексей Кручининнің жан-жақты қарымта шабуылдарының нәтижесі болды. Біраз уақыттан кейін Роман Старченко ҚХЛ-дағы 212-ші голын соқты.

Николай Шульга кезекті шабуылда Лигадағы алғашқы ұпайына қол жеткізді. Бірақ "Северсталь" Михаил Ильиннің күш-жігерінің арқасында тез арада көшбасшылыққа ие болды. Ал Кирилл Пилипенко екінші үзіліске аз уақыт қалғанда Андрей Шутовты бесінші рет қапы қалдырды.

Соңғы үшінші кезеңде Андрей Чуркин көзге түсті. Кездесуді "Барыс" жейдесінде алғашқы голын соққан Семен Симонов қорытындылады.

"Барыс" – "Северсталь" 2:6 (0:1, 1:4, 1:1)

0:1 – 10:14 – Абрасимов (Аймурзин, Пилипенко)

0:2 – 23:20 – Буренов (Чебыкин, Кручинин)

0:3 – 30:16 – Кручинин (Чебыкин, Смирнов)

1:3 – 33:50 – Старченко (Шулга, Панюков)

1:4 – 34:14 – Ильин (Аймурзин, Буренов)

1:5 – 37:34 – Пилипенко (Аймурзин, Ильин)

1:6 – 45:33 – Чуркин (Калдис)

2:6 – 52:15 – Симонов (Қайыржан, Шульга)

Қақпашылар: Шутов – Самойлов.

22 ақпанда Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері өз алаңында "Адмиралды" қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу