Жексенбіде "Барыс" қонақта өткізетін кездесулер сериясын Череповецте "Северсталь" командасына қарсы матчпен ашты. Команда құрамында екі жаңадан келген хоккейшілер де бар болды. Диллон Хетерингтон мен Филип Вароне кездесуді бірінші құраммен бастады. Сондай-ақ Алексей Маклюков та айдынға қайта оралды.
"Северсталь" "Барыспен" кездесуге бір апта бойы дайындалды. Өткен жексенбіде Андрей Разиннің командасы өз айдынында "Йокериттен" 5: 2 есебімен басым түсті. Сонымен бірге "Северстальдың" бас бапкері әлі команданы басқара алмайды. Оның міндеттерін Владимир Лешко орындады. Финдермен кездесуде алаң иелері үшінші кезеңде жетістікке жетті. Бұл кезде бірден жауапсыз үш гол "Йокериттің" қақпасына кірген. Екі голды Даниил Вовченко соқса, нәтижелі үш пасты Александр Петунин шығарды. Жарақат алған үш шабуылшының тізімінде - Индрич Абдул, Владислав Кодола және Егор Чижиковьерлер бар. Ал бүгінгі кездесуде елордалық клубқа жол берді.
"Барыс" бірінші жиырма минутты белсенді бастап, айдын қожайындарының қақпасына екі рет шабуыл ұйымдастырды. Екінші кезеңнің ортасында "Барыс" ойын мәнерін жоғалтып, тәртіпті бұза бастады. Содан кейін "3 пен 5" форматында ойнай бастады. Алаң иелері басымдылықты пайдалана білді. Ал Провольнев алғашқы голды соқты. Соңғы айналымда "Барыс" кездесу барысын сенімді түрде бақылап, басымдылықты арттыра түсті. Нәтижесінде Даррен Диц дубль жасады. Ол қорытынды есепті - 3: 1- ге жеткізді.
Северсталь – Барыс – 1:3 (0:2, 1:0, 0:1)
0:1 Диц (Михайлис, Хетерингтон) 07:05
0:2 Виделль (Вароне, Фрэттин) 09:06
1:2 Провольнев (Гераськин) 29:15 ГБ
1:3 Диц (Фрэттин, Старченко) 47:50 ГБ
"Барыс" енді сырт алаңдағы ойындарын одан әрі жалғастыратын болады. Сейсенбіде елордалық хоккей клубы Ярославльда жергілікті "Локомотивпен" ойнайды.
Ермұхамед Мәулен