"Барыс" командасы "Северстальға" есе жіберді

1801

Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы басталғалы бері "Барыс" сырт алаңда өткен ойындарда әлі бір де бір рет жеңіске жеткен жоқ.

"Барыс" командасы "Северстальға" есе жіберді

"Барыс" Череповец – Ярославль – Мәскеу бағыты бойынша турнеге аттанып, 24 қыркүйек күні "Северстальмен" кездесті. Осылайша елордалық команда қонақта өтетін ойындардың маусымдағы екінші сериясын бастады. Череповец қаласында біздің команда "Северсталь" командасына есе жіберді.

Разиннің командасы чемпионатты жақсы бастап, бірқатар маңызды жеңістерге қол жеткізді. Алайда "Северсталь" командасының соңғы үш ойында жолдары болмай, Батыс конференциясының плей-офф аймағынан шығып қалды. Жұма күні олар мәскеулік "Динамоға" 1:3 есебімен жеңілді. Матчтан кейін "Северсталь" командасының бапкері қарсыластары функционалды тұрғыда олардан мықты түскенін, бірақ үшінші кезеңнің соңында ойын барысы өзгеруі мүмкін екенін атап өтті. Тоғыз матчтың қорытындысы бойынша Череповец қаласының командасы тоғыз ұпай жинады.

"Барыс" маусымдағы алғашқы үй сериясын лайықты өткізіп, бес матчтың төртеуінде жеңіске жетті. Өткен турда қазақстандықтар ҚХЛ-дың ең нәтижелі командасы "Автомобилисттен" 2:0 есебімен басым түсті. Өз қақпасына бағытталған барлық 36 соққыға тосқауыл болған қақпашы Юлиус Гудачек ойынның бас қаһарманы атанды.

Матч алдында астаналықтардың қоржынында тоғыз үпай бар, бұл Шығыс конференциясының үздік командаларының сегіздігінде болуға мүмкіндік берді. Өткен маусымда "Северсталь" мен "Барыс" екі рет кездескен болатын. Қазан айында Қазақстан астанасында қонақтар 5:1 есебімен жеңіске жетті. Қараша айында "Барыс" сырт айдында 4:3 есебімен есе қайтарды.

Ал 24 қыркүйекте өткен кездесуде алаң иелері Дмитрий Моисеев соққан голдан кейін алға шықты. Осы эпизодтан кейін "Северсталь" шайбаға иелік етіп, ұзақ уақыт қарсылас аймағында қалды. Дегенмен командалар үзіліске тең есеппен кетті. Жереми Бракко төрешінің ысқырығына 29 секунд қалғанда Антон Сагадеевке тамаша пас шығарды. Ал "Барыстың" 89 нөмірлі ойыншысы қақпаға жақын қашықтықтан мүлт кеткен жоқ.

Екінші кезеңде Кирилл Пилипенко мен Руслан Абросимовтың соққан голдарынан кейін айдын иелері алға шықты. Сәлден соң Александр Петунин гол соғып, "Барыстың" бапкерлер штабын қақпашыны ауыстыруға мәжбүр етіп, Никита Бояркин қақпадан орын алды. Кезеңнің соңында Джереми Бракко астаналықтарға үміт сыйлағандай болды.

Бірақ Андрей Скабелка шәкірттері сеп айырмасын одан әрі қысқарта алмады. Моисеев қақпашымен бетпе-бет шығып, дубль жасады. Қазақстандық команда сырт алаңда қатарынан бесінші жеңіліске ұшырады. Енді 26 қыркүйекте "Барыс" Ярославльде "Локомотивпен" кездеседі.

 "Северсталь" – "Барыс" 5:2 (1:1, 3:1, 1:0)

1:0 – 02:02 – Моисеев (Колмыков, Хабаров)

1:1 – 19:31 – Сагадеев (Бракко, Михайлис)

2:1 – 21:40 – Пилипенко (Вовченко, Пресс)

3:1 – 24:28 – Абросимов (Морозов, Лишка)

4:1 – 28:09 – Петунин (Хабаров, Тихонов)

4:2 – 38:56 – Бракко (Грэм, Михайлис)

5:2 – 48:42 – Моисеев (Думбадзе, Колмыков)

ҚақпашыларШугаев – Гудачек (Бояркин, 28:09-60:00)

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу