"Барыс" сырт алаңдағы ойындар сериясын Шанхайда жалғастырып, жергілікті "Айдаһарлармен" кездесті. Нәтижелі өткен матчта астаналық команда 8:4 есебімен жеңіске жетті.
Алғашқы кезеңде жеті шайба соғылды. "Барыс" сапынан Кирилл Савицкий, Майкл Веккьоне және Мэйсон Морелли мергендік танытты. Сондай-ақ, Борна Рендулич те қарсылас қақпасын дәл көздеді.
Екінші кезеңде Майкл Веккьоне дубль авторы атанып, Семён Симонов та гол соқты. Соңғы кезеңде Всеволод Логвин мен Веккьоне тағы бір-бір шайбадан салды. Нәтижесінде "Барыс" 8:4 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, ойын барысында есеп 7:4 болып тұрған сәтте "Барыс" пен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Әлихан Әсетов алаң иелерінің қорғаушысы Уайт Калинюкпен төбелесіп, жекпе-жекте басым түсті.
Келесі ойында "Барыс" 10 наурыз күні Хабаровскіде "Амур" командасымен кездеседі.