Биылғы маусымда "Барыс" пен "Металлург" Қазақстанның астанасында бір ойын өткізді. Бұл кездесуде ресейлік ұжым еңбек жеңісіне қол жеткізді (2: 1). Соңғы турда магнитогорлықтар ЦСКА-ны өз алаңында 4: 0.таза ұтса, ал "Барыс" Нұр-Сұлтанда "Автомобилисті" 5:4 есебімен жеңді.
Бұл жолғы кездесу Магнитогорск қаласында өтті және 4: 3 есебімен айдын иелерінің пайдасына аяқталды. Кездесудің алтыншы минутында Кертис Волк Никита Михайлис пен Даррен Дицтің шығарған пасынан кейін гол соғып, командасын алға шығарды. 24-минутта Мэтт Фрэттин есепті еселей түсті. Оған Максим Мусоров пен Коди Куник көмектесті. Дәл сол уақытта Якоб Берглунд алаңнан қуылды. Ал басымдықты пайдаланған Никита Коростелев есеп айырмашылығын қысқартты.
28-минутта Куник "Барыс" сапындағы алғашқы голын соқты. Алайда қазақстандық клуб 3: 1 есебін сақтап қала алмады. Екінші кезеңнің соңғы секундтарында Андрей Чибисов есеп айырмасын минимумға дейін қысқартты. Матчтың үшінші кезеңінде 44-минутта Артем Земченок таблодағы көрсеткішті теңестірді. Ал 51-минутта соғылған Брендан Лейпсиктің голы "Металлургке" жеңіс сыйлады.
Магнитогорскілік клуб ҚХЛ Шығыс конференциясында бірінші орынды сақтап қалса, ал Барыс сегізінші орында тұр. Келесі матчты Юрий Михайлис шәкірттері 1 қазан күні Мәскеуде "Динамоға" қарсы өткізеді.
Ермұхамед Мәулен