"Барыс" "Сібірден" басым түсті

1738

Өз алаңындағы матчтар сериясының төртінші кездесуінде "Барыс" "Сібірден" айласын асырды.

"Барыс" "Сібірден" басым түсті

Айдын иелерінің бапкерлер штабы "Авангардтан" жеңілгеннен кейін комбинацияларды мұқият қарап шығып, команда құрамында өзгерістер енгізді. Нельсон Ножье ҚХЛ-да дебют жасады. Юлиус Гудачек та матчқа қатысқан ойыншылар қатарында бар. Бірақ ол тек қосалқы қақпашы ретінде айдынға шықты. Бірінші минуттан бастап Никита Бояркин қақпадан орын алды.

Кездесудің басында-ақ қонақтар басымдық танытты. Бірақ "Барыс" голдан аман қалып, екінші ауысымда есеп ашты. Джереми Бракко өзінің ҚХЛ-дағы алғашқы голын соқты. Егор Петухов үзіліске аз уақыт қалғанда есепті еселей түсті. Елордалық команданың шабуылшысы тамаша жұмыс атқарып, шайбаны қақпаға дәл бағыттады.

Нәтижесінде командалар голдар бойынша ойын жоспарын бірінші кезеңде – ақ орындады. Қалған уақытта "Барыс" қорғаныста өте сенімді ойнап, қарсыластарына есепті өзгертуге мүмкіндік бермеді. Қорытынды есеп 2:0. Бұл Скабелка шәкірттерінің биылғы маусымдағы үшінші жеңісі. Никита Бояркин қақпаға бағытталған 23 соққыны қайтарды.

 "Барыс" – "Cібір" 2:0 (2:0, 0:0, 0:0)

1:0 – 03:55 – Бракко (Вей)

2:0 – 16:42 – Петухов (Грэм, Бекетаев)

Қақпашылар: Бояркин – Костин

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу