"Барыс" Сочиден екі ұпай еншілеп қайтты

80

Қатарынан үш матчта жеңіске жеткен елордалық хоккей клубы Шығыс конференциясында 7-орынға жайғасты.

"Барыс" Сочиден екі ұпай еншілеп қайтты

"Барыс" сырт алаңдағы матчтар сериясын "Сочиде" аяқтады. Ярославльдегі тарихи жеңістен кейін астаналықтардың құрамы өзгеріссіз қалды.

Ойынның сегізінші минутында айдын иелері есеп ашты. Жан-Кристоф Боден оң жақ айып алаңының шеңберінен бағыттаған соққысымен Адам Шилдің 75 минут 4 секундқа созылған "құрғақ" сериясын үзді. "Барыстың" Тайс Томпсонның жойқын шабуылының арқасында гол соғатын мүмкіндігі бар еді. Бірақ шайба қақпа бағанына тиді. Кейінірек Бекетаев бес минутқа айдыннан қуылып, жағдай қиындай түсті. Дегенмен астаналықтар қорғаныста бекем болды. 

Қорғаныста сәтті ойнаған соң, қонақтар ойын тізгінін өз қолына алып, екінші үзіліске дейін қарсылас қақпасын дәл көздеді. Кирилл Панюков Томпсонның қақпа артынан берген тамаша пасын голға айналдырды. "Барыстың" 9-нөмірлі ойыншысы тіпті матч қаһарманы атанып, овертаймда командасына жеңіс сыйлады.

21 қараша күні Михаил Кравецтің шәкірттері Астанада "Салават Юлаевты" қабылдайды.

"Сочи" – "Барыс" 1:2 (1:0, 0:1, 0:0, 0:1)

1:0 – 07:41 – Боден (Сероух)

1:1 – 36:58 – Панюков (Томпсон, Уолш)

1:2 – 61:35 – Томпсон

Қақпашылар: Щетилин – Шил

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу