"Барыс" соңғы сатыға сырғыды

819

Өз айдынындағы екінші ойында "Барыс" "Нефтехимиктен" ұтылды. 

"Барыс" соңғы сатыға сырғыды

Қонақтарда біраз өзгерістер болды. "Нефтехимик" сапынан Михаил Рахманов, Александр Борисевич және Юрий Сергиенко тізімге енді. Олар Кирилл Максимов, Самат Данияр және Тамерлан Гайтамировты алмастырды. Бірінші минуттан-ақ Юлиус Гудачек қақпадан орын алды.

Кездесудің басында-ақ "Барыс" бес минуттық ойыншылар басымдығына ие болып, айдын иелері бұл мүмкіндікті сәтті пайдаланды. Шабуыл нәтижесінде Линден Вэй бірден гол соқты. Нижнекамск ойыншылары екінші кезеңнің ортасында есепті теңестірді. Гол авторы Егор Попов. Екі минуттан кейін астаналықтар сапынан Алекс Гранттың соққысынан кейін Антон Сагадеев шайбаны қақпаға дәл бағыттады. Кезеңнің соңына қарай "Барыс" тағы да басымдықты қолға алып, Энтони Луи Вэйдің лақтырған шайбасын дәл тосып алып, "Нефтехимик" қақпашысынан айласын асырды. Үзіліске дейін қонақтар сапынан Андрей Белозеров есеп айырмасын тағы қысқартты.

Период аяқталар тұста "Барыс" тағы бір мәрте басымдылықты пайдаланды. Энтони Луис Вэй жасаған соққыға таяқшасын қоя салды. Алайда, бұл шайбаға қонақтар да жауа қатты. Андрей Белозеров гол салып, есеп айырмасын қысқартып тастады.

Үшінші кезеңнің бастапқы минуттарында қонақтардың хоккейшісі Андрей Чивилев көзге түсті. Ол таразы басын теңестіріп, "Нефтехимикке" үміт сыйлады. Одан кейін Михаил Сидоров ойыншы санының артықшылығын пайдаланып кетті. Ал Павел Прядкин шайба салған кезде "Барыстың" бұл ойындағы бар мүддесінің күл талқаны шықты.

16 қаңтар күні "Барыс" өз айдынында "Сібір" командасын қабылдайды.

"Барыс" – "Нефтехимик" 3:5 (1:0, 2:2, 0:3)

1:0 – 04:28 – Вей (Бракко, Луис) Б

1:1 – 28:14 – Попов

2:1 – 30:19 – Сагадеев (Грант, Асетов)

3:1 – 36:29 – Луис (Вей, Бракко) Б

3:2 – 38:31 – Белозёров (Сидоров, Лещенко) Б

3:3 – 41:50 – Чивилёв (Березин, Сидоров)

3:4 – 53:30 – Сидоров (Кизимов) Б

3:5 – 58:36 – Порядин (Камара)

Қақпашылар: Гудачек – Тихомиров

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу