"Барыс" "Спартактан" жеңісті жұлқып әкетті

1377

Нұр-Сұлтан қаласының хоккей клубы Мәскеуде Құрлықтық Хоккей лигасының ойындары аясында "Спартакпен" кездесу өткізіп, 3:2 есебімен овертаймда жеңіске жетті.

"Барыс" "Спартактан" жеңісті жұлқып әкетті

"Барыс" сырт алаңдағы ойындар сериясының екінші матчын сәрсенбіде Мәскеуде өткізді. Қазақстандық команда жергілікті "Спартакпен" кездесті. Ал осыған дейін "Барыс" дүйсенбі күні Уфада  "Салауат Юлаевты" жеңіп, турнені 3:2 есебімен, сәтті бастаған болатын. Сол ойында елордалық клуб  0:2 есебімен есесін қайтарып, овертаймда жеңіске жетті. ҚХЛ-дағы алғашқы шайбаны 19 жастағы Максим Мусоров соқты, тағы бір голды Даррен Диц қосты. Капитан алты дәл пасымен команданың ең үздік сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр.

"Барыстың" басқа ойыншыларына келер болсақ, Роман Старченко ҚХЛ-дағы қазақстандық командадағы  179-шы шайбасын сала отырып,  овертаймда  "Барысқа" жеңіс әкелді.  Ол осы көрсеткіш бойынша команданың бұрынғы капитаны Брэндон Боченскиймен, ал тізім көшбасшысына дейін Найджел Доустың - 38 шайбасымен теңесті. Антон Сагадеев Лигада  өзінің 200-матчын өткізді.
"Спартакқа" келер болсақ, ресейлік клуб жергілікті ойынын жалғастыруда. Олег Знарктың командасы алдыңғы матчтарда мүмкін болатын ұпайдың 75%-ын алды. "Локомотивтен" жеңілгеннен кейін (1:2ОТ) дүйсенбіде "қызыл-ақ" Куньлунмен нағыз атыс ұйымдастырды – 6:4. Шабуылшылар Михаил Юнков (1+2) және Илья Талалуев (2+1) үш ұпайдан жинады.

Сырт алаңдағы серияның екінші матчын "Барыс" сәрсенбіде Мәскеуде өткізді. Бапкерлер команда құрамына екі рет өзгеріс енгізді - жарақат алған Алексей Маклюковты Егор Шалапов алмастырса, Әлихан Әсетовтің орнына айдынға Аркадий Шестаков шықты.

Айдын иелері бірінші кезеңді өте белсенді өткізді және Широковтың шайбасының арқасында есеп ашты. "Барыс" ойын басталған соң қақпашы Гудачектің тек екі рет мазасын қашырды. Ал екінші кезеңде қонақтар басым болып, "Спартак" қақпасына үш рет шайба лақтырып, екі рет гол соқты. Гол авторлары Никита Михайлис пен Даррен Диц. Мәскеулік хоккейші Радильдің соққысы "Спартакқа" есепті теңестіруге көмектесті. Үшінші кезеңнің ішінде таблодағы көрсеткіш тең болды. Овертаймның басында жылдам қарсы шабуылға шыққан Даррен Диц "Барысқа" жеңіс әкелді. Есеп 3:2.

"Барыс" қонақтар сериясын Қазандағы матчпен аяқтайды. Елордалық хоккей клубы жұма күні жергілікті "Ақ Барспен" ойнайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу