"Барыс" сырт алаңда "Авангардтан" жеңіліп қалды

1548

Бірер күн бұрын ғана "Барыс" "Автомобилисті" жеңді деп бөркімізді аспанға атып едік, Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойынында қонақта елордалық команда омскіліктерге ойсырай ұтылды. 

"Барыс" сырт алаңда "Авангардтан" жеңіліп қалды Фото: sports.kz

"Барыс" Омбы – Новосібір бағытындағы екі матчтан тұратын сырт айдындағы матчтар сериясына атанған болатын. Александр Борисевич команда қатарына "Сибирьмен" болар матч алдында қосылады. Өйткені міндетті медициналық тексерістен өтуі керек. Майкл Шапю медициналық себептерге байланысты кездесулерге қатыса алмады. Елордалық команданың бапкерлер штабы өткен матчпен салыстырғанда ойыншылар құрамына екі өзгеріс енгізді. Шабуылға Майкл Чапу орнына Михаил Рахманов шықты. Қорғаныс шебінде Нельсон Ножердің орнын Самат Данияр басты.

Алғашқы кезеңнің ортасында есепті Никита Михайлов ашты. "Барыс" Линден Вейдің дәл соққысымен жауап қайтарып, есепті теңестірді. Үзіліске дейін Иван Мирошниченко ҚХЛ-дағы алғашқы голын соғып, "Авангардты" алға сүйреді.

Екінші жиырма минуттық кезеңнің басында Егор Петухов Василий Демченконы қапы қалдырып, таблодағы көрсеткішті теңестірді. Сергей Толчинский кезең ортасында ойыншылар басымдығын пайдаланып кетті. Төртінші шайбаны Бояркиннің қақпасына Александр Дергачев соқты. Ал Алекс Бродхурст бос қақпаға гол соғып, кездесудің нүктесін қойды. Қорытынды есеп 2:5. Осылайша "Барыс" биылғы маусымда "Авангардқа" 4-мәрте жеңіліп отыр.

28 желтоқсанда Андрей Скабелка шәкірттері Новосібірде "Сібір" командасымен кездесіп, маусымдағы соңғы ойынын өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу