Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында елордалық "Барыс" кезекті кездесуін Новосібірде "Сибирь" командасымен өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Хоккей мамандары матч алдында айдын иелерін ойынның фавориті деп атаған. "Сибирь" соны дәлелдеп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші кезеңде Тимур Ахияров есеп ашса, екінші таймда Владимир Бутузов өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.
Осыған дейін өз айдынында қатарынан 8 рет жеңілген "Сибирь" сол сәтсіз серияны тоқтатты. 27 ұпай жинаған новосібірліктер Шығыс конференциясында 9-орында болса, астаналықтар бұрынғыша 11-орында тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу