"Барыс" сырт алаңда "Трактордан" айласын асырды

1164

Құрлықтық хоккей лигасының матчында астаналық "Барыс" сырт алаңда челябинскілік "Трактормен" ойнады.

"Барыс" сырт алаңда "Трактордан" айласын асырды

Жекпе-жек басталар алдында қазақстандық клуб Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде оныншы, ал ресейлік клуб сегізінші орында еді. Командалар арасындағы айырмашылық екі ұпай ғана болды.

Бүгінгі матчта Андрей Скабелка келесі құрамды айдынға шығарды: Гудачек (Бояркин) - Грант-Бекетаев, Луис-Вей-Шайхмедденов; Ножье-Гайтамиров, Савицкий-Сагадеев-Михайлис; Шалапов-Грэм, Әсетов-Шестаков-Петухов; Мищенко-Григорьев, Қайыржан-Гурков-Рахманов.

Бүгін алаң иелері фаворит болды. Бірақ жылдам гол соққан қонақтар алғашқы болып есеп ашты. 4-минутта Михаил Рахманов көзге түсті. Ойынның екінші бөлігінде астаналықтар Әділ Бекетаев пен Алекс Гранттың дәл соққыларының арқасында есепті еселей түсті. Содан кейін ғана айдын иелері шабуыл ұйымдастырып, 28-минутта бірінші голдарын соқты. Соңғы жиырма минуттық кезеңде Никита Михайлис ойыншылар артықшылығын сәтті пайдаланды. Қорытынды есеп 4:1.

Енді 2 -желтоқсанда "Барыс" өз алаңында Екатеринбургтің "Автомобилистін" қабылдайды.

"Трактор" (Челябинск, Ресей) - "Барыс" (Астана, Қазақстан) 1:4 (0:1, 1:2, 0:1)

Шайбалар:

0:1 - 03:39 Рахманов (Гурков).

0:2 - 21:48 Бекетаев (Савицкий).

0:3 - 23:54 Грант (Бекетаев, Шайхмедденов).

1:3 - 28:07 Горюнов-Ролгизер.

1:4 - 52:45 Михаэлис (Луи, Грант).

Қақпашылар: Мыльников – Гудачек.

Пенальти: 10:4 (6:2, 2:0, 2:2).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу