"Барыс" сырт алаңдағы алғашқы кездесуде жеңіліс тапты

314

Әдеттегідей, бұл ойында да төбелес болды. Әлихан Әсетов төбелесте Люк Джонсонды жеңді. 

"Барыс" сырт алаңдағы алғашқы кездесуде жеңіліс тапты

Астананың "Барыс" клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында сырт айдында магнитогорлық "Металлургпен" кездесті. "Динамомен" өткен ойыннан кейін астаналықтардың құрамы өзгерген жоқ. 

Бас бапкер Михаил Кравец мына құрамды жасақтады: Шутов (Шестаков) – Масси-Уолш, Галимов-Морелли-Веккьоне; Маккошен-Бреус, Савицкий-Омирбеков-Қайыржан; Бекетаев-Данияр, Асетов-Волков-Колесников; Королев, Симонов-Шайхмедденов-Мұратов.

Ойын басында Алихан Асетов төбелесте Люк Джонсонды жеңді. Кейін қазақстандық команда төрт шайба жіберіп алды. Сол голдардың біреуін және нәтижелі пасты Қазақстан құрамасының шабуылшысы Никита Михайлис өз есебіне жазды. Соңғы кезеңде Джейк Масси бір шайба соғып есепті қысқартты. Қорытынды нәтиже – ресейлік клубтың пайдасына 5:1.

"Металлург" – "Барыс" 5:1 (1:0, 3:0, 1:1)

1:0 – 13:55 – Канцеров (Силантьев)
2:0 – 22:18 – Михайлис (Вовченко, Джонсон)
3:0 – 28:51 – Джонсон (Петунин, Михайлис) 
4:0 – 39:22 – Маклюков (Ткачёв, Силантьев)
4:1 – 48:50 – Масси (Галимов, Морелли)
5:1 – 52:27 – Барак (Пресс, Вовченко)

20 қыркүйекте Михаил Кравецтің шәкірттері Череповец қаласында "Северстальмен" ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу