Шабуылшы Саян Данияр сынақ мерзімінен өтіп, "Барыспен" келісім-шартқа отырды. Бұл туралы елордалық хоккей клубының ресми сайты хабарлады.
Жаңа келісім-шарт 2022 жылдың 30-сәуіріне дейін, екіжақты жасалды. Өткен маусымда 21 жасар Данияр үш лигада ойнап үлгерді. "Номад" командасы үшін 53 кездесуде 21 (12+9) ұпай, "Снежные Барсы" хоккей клубы үшін бес кездесуде алты (2+4) ұпай жинаса, ал ақпан айында "Барыс" сапында "Адмирал" (3:1) және "Амур" (0:5) командаларына қарсы кездесуде айдынға шықты.
Данияр Құрлықтық Хоккей Лигасының ойындарына алғаш рет 2018 жылдың наурыз айында қатысқан болатын. Елорда хоккей клубының тәлімгері ҚХЛ-да үш кездесу өткізген.
Естеріңізге сала кетсек, Данияр 2019-жылы өткен Әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасының капитаны болған. Ол турнирде жас хоккейші алты кездесуде қақпаға екі шайба салды. Ал команда элитадағы орнын сақтап қалды.
Бұған дейін "Барыс" қақпашылар Хенрик Карлссон мен Денис Каратаев, канадалық форвард Мэтт Фреттин, шабуылшылар Никита Михайлис, Аркадий Шестаков, Антон Некряч, Иван Верешагиндермен келісім-шарт жасаған болатын.
Ермұхамед Мәулен