"Барыс" тағы да жеңілді

1866

Сырт айдындағы матчтар сериясының финалдық кездесуінде "Барыс" "Сочиден" ұтылды.

"Барыс" тағы да жеңілді

Андрей Назаровтың шәкірттері жаңа маусымды сәтті бастады деп айта алмаймыз. Өз айдынындағы матчтарда "Сочи" қатарынан үш кездесуде жеңіліп қалды. Соңғы турда олар мәскеулік "Динамоға" есе жіберді – 2:4. Сондай-ақ "Барыс" та чемпионат басталғалы бері жеңіс дәмін татқан жоқ. Сәрсенбі күні қазақстандықтар "Витязьға" ойсырай жеңілді 0:5. Өткен маусымда "Сочи" мен "Барыс" өз алаңдарында жеңіске жетіп, екі кездесу де бірдей, 5:2 есебімен аяқталған болатын.

"Витязьдан" жеңілгеннен кейін "Барыстың" бапкерлер штабы команда құрамында бірнеше өзгеріс енгізді. ҚХЛ-да дебют жасаған Самат Данияр, Батырлан Мұратов және Джереми Бракко жаңа маусымдағы алғашқы кездесулерін өткізді.

Кездесудің 11 секундында Кирилл Савицкий есеп ашты. Алайда Сочи бірден үш гол соғып, Андрей Шутовты қапы қалдырды. Гол авторлары Артур Тянулин, Никита Феоктистов және Артём Николаев. Екінші кезеңде елордалық команда есепті теңестіріп үлгерді. Савицкий дубль жасаса, Энтони Луи ҚХЛ-дағы алғашқы голын соқты. Бірақ Скабелка шәкірттері есепті сақтап қала алмады. Соңғы үшінші кезеңде айдын қожайындары тағы үш нәтижелi шабуыл жасап, есепті 6:3-ке дейін жеткізді.

Осылайша, "Барыс" қатарынан төртінші мәрте жеңіліс тапты. 13 қыркүйекте қазақстандық хоккей клубы жаңа маусымдағы өз алаңындағы алғашқы ойынын "Тракторға" қарсы өткізеді.

"Сочи" – "Барыс" 6:3 (3:1, 0:2, 3:0)

0:1 – 00:11 – Савицкий (Михайлис)

1:1 – 09:32 – Тянулин (Глотов)

2:1 – 10:02 – Феоктистов (Бабенко)

3:1 – 16:25 – Николаев (Гараев)

3:2 – 22:18 – Савицкий (Грэм)

3:3 – 34:30 – Луис (Григорьев, Бракко)

4:3 – 41:27 – Бабенко (Крощинский, Феоктистов)

5:3 – 42:39 – Тянулин (Зоркин)

6:3 – 43:06 – Петьков (Гараев)

ҚақпашыларТретьяк – Шутов (Бояркин, 42:39-60:00)

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу