"Барыс" тағы да жеңіліс тапты

182

Қазақстандық хоккей клубы қатарынан үш ойында да жеңілді. 

"Барыс" тағы да жеңіліс тапты

"Барыс" қазан айындағы алғашқы сырт алаңдағы матчтар сериясын Қазан қаласында жалғастырды. Бұл ойында бапкерлер штабы қақпашылар құрамына ғана өзгеріс енгізіп, бірінші минуттардан бастап қақпаны Адам Шил қорғады.

"Ақ Барс" есепті жылдам ашты. Владимир Алистров қақпа алдына жасалған пасты сәтті аяқтады. Екінші кезеңде "Барыс" ойын тізгінін өз қолына алғанымен, ұзаққа созылған шабуылдар голға ұласпады. Ал қазандықтар екі қауіпті қарсы шабуылын тиімді пайдаланып, Артём Галимов дубль авторы атанды. 

Үшінші кезеңнің басында Никита Лямкин гол соғып, жеңімпаздың кім болатынын ертерек айқындағандай болды.

Алайда осы сәттен кейін астаналықтар шын мәнінде ойынға оралып, камбэк жасауға шақ қалды. Дінмұхамед Қайыржан, Майкл Веккьоне және Всеволод Логвин салған шайбалар "Барысқа" бастаманы толықтай өз қолына алуға мүмкіндік берді. Қорытынды минуттарда "6-ға 4" форматында ойнаған қонақтар қақпаға бірнеше қауіпті соққы жасады. Бірде Тимур Билялов керемет сейв жасаса, бірде қақпа бағаны қазандықтарға көмекке келді. Соған қарамастан, айдын иелері есепті сақтап қалды. Қорытынды есеп 4:3, "Ақ Барстың" пайдасына. 

Енді Михаил Кравецтің шәкірттері 9 қазан күні Челябіде "Трактормен" кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу