"Барыс" тағы да жеңіске жетті

1748

Скабелка шәкірттері "Барысқа" жеңіліп қалды.

"Барыс" тағы да жеңіске жетті

Ярославтықтар соңғы кездесуде "Северстальды" 5: 1 есебімен жеңгеннен кейін Қазақстан астанасына жол тартты. Желтоқсанның бірі күні "Локомотив" кездесуді тамаша өткізіп, Алексей Марченко, Николай Коваленко, Павел Красковский, Георгий Иванов және Егор Аверин голдарының арқасында тағы екі ұпай еншіледі. 31 матчтың нәтижесі бойынша Андрей Скабелка шәкірттері 44 ұпай жинады. Бұл командаға ҚХЛ-ның Батыс конференциясында үшінші орынға жайғасуға мүмкіндік берді.

Ал "Барыс" сейсенбі күні "Сочиді" 2:0 есебімен жеңген болатын. Роман Старченко мен Якоб Лильяның голдарының арқасында елордалық хоккей клубы қарсыластарынан басым түсті. 

Өз айдынындағы матчтар сериясының үшінші ойынында "Барыс" "Локомотивті" жеңді. Алаң қожайындары есепті бірінші кезеңде ашты. Роман Старченко тамаша пас шағарып, ал Антон Сагадеев қарсыластар қақпасының алдында соққыны қақпаға дәл бағыттады.

Георгий Иванов екінші кезеңде таблодағы есепті теңестірді. Бұл гол айдын иелерінің екі ойыншысы қуылғаннан кейін орын алды. Екінші үзіліске дейін Мэттью Фрэттиннің дәл соққысынан кейін "Барыс" қайтадан алға шықты. Үшінші кезеңнің соңғы минутында қонақтардың бос қақпасына гол соққан Линус Виделль кездесуге нүкте қойды. Осылайша матч 3: 1 есебімен, "Барыстың" жеңісімен аяқталды.

Кездесу аяқталған соң екі команданың бапкерлері ойынға қатысты өз пікірлерін білдірді.

 ""Барысты" жеңісімен құттықтаймын! Жақсы ойын болды. Біз өте тыңғылықты ойнадық. Бірінші кезеңді сәтсіз бастадық. Кездесу басталысымен "Барыс" ойын тізгінін өз қолына алды және соққылар болды. Бірақ екінші кезеңде біз есепті теңестіре алдық. Ойынды шабуыл аймағына ауыстырдық. Есеп теңесті. Үшінші кезеңде "Барыс" тамаша ойнады. Біз қарсыласымыздың қорғанысын бұза алмадық және бұл матчты тең ойын нәтижесіне жеткізе алмадық", - деді "Локомотив" ХК бас жаттықтырушысы Андрей Скабелка.

"Біз үшін тең ойын болды, әрі ауырға соқты. Қарсылас команда ойыншылары өте ірі денелі және бізге қорғаныста ойнау өте қиын болды. Көп күрестік, және бұл жекпе-жекте жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Ең алдымен жақсы қозғалыс бірінші орында тұрды. Қарсыластың қысымынан шыға білдік. Екінші кезеңнің соңында жоспарымызды іске асырдық деп айта аламын. Үшінші айналымда да керемет ойнадық", - деді "Барыстың" бас бапкері Юрий Михайлис.

Жексенбіде Юрий Михайлистің командасы өз алаңында "Витязды" қабылдайды. Коронавирусқа байланысты матч көрермендерсіз өтеді.

Ермұхамед Мәулен

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу