"Барыс" тағы да жерге қаратты

243

Кезекті сәтсіз ойыннан кейін "Барыс" хоккей командасының жанкүйерлерінің ұнжырғалары түсті. 

"Барыс" тағы да жерге қаратты Фото: hcbarys.kz

"Барыс" ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатындағы ойынын "Локомотивке" қарсы өз айдынындағы матчпен жалғастырды. Астаналықтар сапына Роман Старченко қайта оралды. Ал, қақпаны алғашқы минуттардан бастап Никита Бояркин қорғады.

Бірінші кезең өте қарқынды өтті. Айдын иелері алғашқы минуттарда Дамир Жафяров пен Михаил Рахмановтың арқасында гол соғуға біртабан жақын болды. Қонақтар Рихард Паниктің қауіпті қарсы шабуылымен жауап берді. Екі жағдайда да қақпашылар керемет шеберлік танытты.

Есеп екінші кезеңнің басында ашылды. Александр Радулов Алексей Береглазовтың соққысынан кейін қарсыластар қақпасы алдында шебер ойнап, шайба соқты.

Біраз уақыттан кейін Байрон Фрэз ойыншылар санынының басымдығын пайдаланып, шабуылын сәтті аяқтады. Осы екі голдың арасында Кирилл Савицкий азшылықта ойнап, шайбаны бағанға тигізіп, гол соғатын мүмкіндігін жіберіп алды. Ал екінші үзіліске аз уақыт қалғанда Радулов тағы да көпшілікті пайдаланып, дубль жасады. Соңғы кезеңде шайба соғылмады. 23 қаңтарда Ғалым Мәмбетәлиевтің шәкірттері өз айдынында "Адмиралмен" кездеседі.

"Барыс" – "Локомотив" 0:3 (0:0, 0:3, 0:0)

  • 0:1 – 20:46 / Радулов (Береглазов)
  • 0:2 – 25:27 / Фрэз (Рафиков, Алексеев) 
  • 0:3 – 38:09 / Радулов (Никулин, Гернат) 

Қақпашылар: Бояркин – Майоров

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу