"Адмиралға" жеңіліп қалған соң "Барыс" өз алаңында "Витязьбен" кездесті. Владивастоктағы сапардан кейін бір апта бойы дайындық өткізген елордалық клуб тағы да жеңілді. "Шығыс" конференциясында плэй-офф аймағынан да шығып қалды. Ал "Витязь" болса Астанаға келіп өз айдынында жүргендей өнер көрсетті. Оның алдында бұл команда қарсыласын ірі есеппен жеңіп, тамаша көңіл-күймен келген еді.
Бірінші периодта Балашиха қаласының командасы бір шайба салды. Мұны "Барыстың" бағына қарай деп айтсақ болады. Әйтпесе, ірі есеппен үзіліске кетуге де болушы еді. Қонақтар, айдын иелерінен бір бас жоғары ойнады. Салбыраңқы тартқан "Барыс" хоккейшілері шайба салуға зауқылары соқпағандай әсерде жүрді. Қалың көрерменнен де еш ұялмады. Неге екені белгісіз әйтеуір, ресейлік клубтарға келгенде "Барыс" өз ойынын таба алмай қалады.
Екінші кезеңде "Барыс" басымдылық алып, шабуылдай бастады. Бірақ, одан еш нәтиже шықпады. Есеп : бойы қала берді.г Одан кейін шешуші бөлім бастала берген тұста "Витязь" тағы бір шайба салды. "Барыс" ойыншысы Аркадий Шестаков бір шайба салып, есеп айырмасын қысқартты. Одан кейін Александр Яремчук "Витязьдің" үшінші шайбасын салып есепті 1:3 қылды. Ойын аяқталуға 5 минут қалғанда Дінмұхамед Қайыржан шайба салып, командамызға үміт отын сыйлады. Қаны қайнаған қазақ намысы оянып айдында неше түрлі әрекеттер жасап жүрді. Бірақ, қалған әріптестері өте самарқау жүрді. Сонымен екінші ойын өз айдынында қатарынан жеңілген "Барыс" плэй-офф аймағынан 2 ұпайға қалып тұр. Енді келесі ойынын елордалықтар Магнитагорск қаласында өткізеді. Ол ойын 11 қарашаға жоспарланған.
Ермұхамед Мәулен