"Барыс" тағы да жеңілді

1372

Хабаровск қаласындағы екінші матчында да тәуір нәтиже көрсете алмады.

"Барыс" тағы да жеңілді

Бюджеті көп, алайда ұяты аз хоккей командамыз жанкүйерлерді жерге қаратты. Кеше жеңіп тұрған матчты бере салған еді, бүгін 1 шайбаға жауап бере алмай салысы суға кетті. Қазақ жанкүйерлері қашанға дейін шыдайды екен. Миллиардтаған бюджетті сорып отырған бұл команда берілген қаржыны ақтап жатқан жоқ. Қайта жүйкемізге салмақ түсіріп, жабырқаулы көңілімізді одан әрі жерге тығып бітті.

"Амур" командасы "Барыс" хоккейшісі айдыннан қуылған кезде басымдылықты пайдаланып кетті. Рафаэль Батыршин айдыннан қуылған кезде елордалықтар ештеңе істей алмады. Бірақ, айдын иелері 18-минутта есеп ашты. Сергей Дубакин допты ойынға қосатын шеңбердің ішінен Юлиус Гудачек қақпасынан саңлау тапты. Ал сол бірінші кезеңде "Барыс" 8 минут басымдылықта ойнады. Яғни бір ойыншысы көп болып тұрды. Соны пайдалана алмаған соң, екінші кезеңнен үміт үздік.
Үшінші кезеңде Линден Вэй айдыннан қуылды. Бұл "Барыстың" ең мықты қорғаушысы болатын. "Амур" осыны пайдаланып қақпамызды әбден торуылдады. Алайда жата-жастана қорғанған елордалық команда қақпасын аман сақтады.

"Амур" осы жеңістің арқасында 46 ұпай жинап, "Барыспен" теңесіп алды. "Барыс" қазір қосымша көрсеткіштердің күшімен ғана 8-орында қалды. Енді қазақстандық команда Владивасток қаласына барады. Онда 8 және 9 қаңтар күндері "Адмирал" деген командаға қарсы екі ойын өткізеді. ҚХЛ Астана қаласына 12 қаңтар күні оралады. "Барыс" ол күні мәскеудің ЦСКА командасын қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу