"Барыс" "Торпедоға" есе жіберді

1474

"Барыс" өз алаңындағы матчтар сериясының соңғы кездесуінде "Торпедодан" 2: 3 есебімен жеңіліп қалды.

"Барыс" "Торпедоға" есе жіберді

"Барыс" ұзаққа созылған үй сериясын "Торпедомен" болған матчпен аяқтады. Бұл командалардың осы маусымдағы бірінші рет бетпе-бет кездесуі. Нижний Новгород командасы сейсенбіде ЦСКА-мен өз айдыныда кездескен болатын. Бұл ойында мәскеулік хоккейшілер соңғы минуттарда жеңіске жетіп, кездесу 2:1 есебімен аяқталған еді. "Торпедо" хоккейшілерінен Иван Чехович гол соқты. Ал қақпашы Андрей Тихомиров қақпаға бағытталған 28 соққыға тойтарыс берді. "Барыспен" кездесуге дейін Дэвид Немировский шәкірттері Шығыс Конференциясында жетінші орында тұрған еді. Команда активінде 34 матчтан кейін 36 балл бар.

Ал елордада екі команда арасында өткен кездесуде алғашқы кезеңнің ортасында қонақтар бірінші болып есеп ашты. Сергей Гончарук "Барыстың" қателігін пайдаланып, шайбаны қақпаның жоғарғы бұрышына дәл бағыттады. Екінші кезеңнің басында Михаил Варнаков "Торпедоның" басымдығын нығайтты. Сәл кейінірек Джастин Клус Карлссонның қақпасына үшінші шайбаны соқты.

Осы сәттен кейін алаң иелері қарқын алып, үзіліске дейін есепті минимумға дейін қысқартты. Фил Вароне қонақтар қақпасына дәл бағытталған екі соққы жасады. Алайда "Барыс" өз басымдылығын одан әрі нығайта алмады. Бұл жолы команда төрт матчтағы жеңістер сериясын үзді.

"Барыс" – "Торпедо" 2:3 (0:1, 2:2, 0:0)

0:1 – 10:06 – Гончарук (Белевич, Варнаков)

0:2 – 22:33 – Варнаков (Гончарук, Белевич)

0:3 – 27:01 – Клус (Остин)

1:3 – 30:54 – Вароне (Акользин, Виделль) ГБ

2:3 – 37:58 – Вароне (Фрэттин, Шалапов)

Кездесуден соң команда бапкерлері ойынға қатысты пікір білдірді:

"Кездесу жақсы басталды. Ойыншылардың жартысы тез әрі жақсы ойнай бастады. Ойыншымыздың алаңнан қуылғаны бізге аздап қиындық соқты. Содан кейін үшінші кезеңде қарсыластар шайбаға бізден гөрі жақсы иелік ете бастады. Біз қателіктер жібердік. Шайбаны өз аймағымыздан әрі асыра алмадық. Соңында тіпті ауыр ойын болды. Бірақ, ең бастысы бүгінгі екі ұпай және жеңіс", - деді "Торпедо" ХК бас жаттықтырушысы Давид Немировский.

"Бірінші кезең біз үшін нашар өтті. Қарсыласқа ілесе алмай ұзақ жүрдік. Дегенмен, меніңше, күшіміз жеткілікті болды. Бірақ, қарсылас бізден жылдамырақ болды. Өз аймағымызда қателіктер жібердік. Екінші кезеңде ойынды қолға алып, менің ойымша қарсыластан басым болдық. Бірақ, соңында бізге сәл ғана жетпеді. Гол соғуға мүмкіндіктер болды. Бірақ "Торпедо" қорғаныста жақсы ойнады", - деді "Барыс" ХК бас бапкері Юрий Михайлис.

"Барыс" осы жеңілістен соң 31 ойыннан кейін 33 ұпаймен Шығыс конференция кестесінде тоғызыншы орында қалды. Келесі матчты "Барыс" 13-желтоқсанда қонақта, Шығыс конференциясында төртінші орында тұрған Челябинскінің "Тракторын" командасына қарсы өткізеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу