"Барыс" "Торпедоға" жол берді

1785

Кездесуде елордалық клуб алғашқы болып есеп ашты. 

"Барыс" "Торпедоға" жол берді

"Барыс" өскемендік "Торпедо" хоккей клубынан жеңіліп қалды. Екі клуб арасындағы кездесу Нұр-Сұлтан қаласындағы "Барыс-Аренада" өтті. Маусым алдындағы алғашқы ойын 1:2 есебімен, өскемендіктердің пайдасына аяқталды. Ойынның 6-минутында Қазақстан Ұлттық құрамасының шабуылшысы Егор Петухов есеп ашып, командасын алға шығарды. Екінші айналымның 33-минутында ресейлік шабуылшы, 2011-2020 жылдар аралығында Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсеткен Александр Мерескин есепті теңестірді.  

Нәтижесінде кездесу овертаймға ұласты. Александр Архиповтың соққан шайбасы "Торпедоға" жеңіс сыйлады. Архиповтың соққан шайбасын төрешілер тек бейнежазбаны қайта көргеннен  кейін ғана есепке алды.

Сонымен қатар бұл кездесу "Барыстың" бас бапкері Юрий Михайлис үшін жаңа қызметіндегі алғашқы ойын болды. "Барыс" жүйесінде ол 2007-жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Келесі кездесуді "Барыс" тағы да "Торпедоға" қарсы өткізеді. Матч 23-тамыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен 13:00-де басталады. Сондай-ақ 27-29-тамыз күндері елордалық хоккей клубы "Сарыарқаға" қарсы тағы екі ойын өтеді.

"Барыс" оқу-жаттығу жиындарын тамыз айының алғашқы жартысында бастаған. Кейін командаға Солтүстік Америкалық легионерлер келіп қосылды. Жаңа маусым елордалық хоккей клубы үшін 3-қыркүйек басталады және алғашқы матч сырт алаңда ригалық "Динамоға" қарсы өтеді. Ал 11-қыркүйек  "Барыс" Нұр-Сұлтанда Қытайдың "Куньлунь" командасын қабылдайды. Естеріңізге сала кетсек, коронавирус пандемиясына байланысты қытайлық клуб жергілікті матчтарын Ресейде өткізетін болды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу