"Барыс" турнеге аттанды

911

Елордалық хоккей командасы 5-9 қаңтар аралығында қонақта 4 кездесу өткізеді.

"Барыс" турнеге аттанды  Фото: hcbarys.kz

"Барыс" Құрлықтық Хоккей Лигасы аясында сырт алаңдағы кезекті матчтарын өткізу үшін сапарға шықты. Бес күнде елордалық команда Хабаровск және Владивосток қалаларында екі ойыннан өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа жылдың алғашқы матчында "Барыс" камбэк жасап, "Металлургті" жеңіп кеткен болатын. Матч есебін қонақтар ашты. Егор Коробкин қақпа алдындағы Павел Акользинге пас беріп, "Металлургтің" 18-нөмірлі жейдедегі ойыншысы алғашқы шайбаның авторы атанды. Араға екі минут салып магнитогорскілік хоккейшілер қарымта шабуыл ұйымдастырып, Брендэн Лайпсик есепті еселей түсті.

"Барыс" екінші кезең аяқталар тұста ғана өз ойынын таба білді. Айдын иелері "3х1" шабуылға шығып, Тамирлан Гайтамиров Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы шайбасын соқты. Екінші жиырма минуттықтың аяқталуына бес-ақ секунд қалғанда Дмитрий Шевченко сан басымдығын жүзеге асырды. Ойынның қорытынды бөлігінің басында "Барыстың" тағы бір ойыншысы Лигадағы бірінші шайбасын соқты. Энтони Луистің қақпа артынан берген пасын сәтті жүзеге асырған Александр Борисевич болды. Нәтижесінде, осы шайба қазақстандық командаға жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп 3:2.

5 қаңтар күні Андрей Скабелка шәкірттері Хабаровскіде "Амурмен" ойнайды. Назарларыңызға "Барыстың" сырт алаңда өнер көрсететін құрамын ұсынамыз.

Қақпашылар: Жалал-ад-Дин Әмірбеков, Никита Бояркин, Юлиус Гудачек.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров, Алекс Грант, Михаил Григорьев, Джесси Грэм, Самат Данияр, Иван Мищенко, Эмиль Нұрғалиев, Юрий Сергиенко.

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Александр Борисевич, Джереми Бракко, Линден Вей, Дмитрий Гурков, Дінмұхамед Қайыржан, Энтони Луи, Кирилл Максимов, Никита Михайлис, Егор Петухов, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Антонов Шаденов, Кирилл Савицкий, Шестачен Сагадеев Антонов, Аркаймед Д.

Матчтар кестесі (Астана уақытымен басталады)

5 қаңтар Амур Хабаровск – "Барыс" 13:00

6 қаңтар Амур Хабаровск – "Барыс" 13:00

8 қаңтар "Адмирал" Владивосток – "Барыс" 13:00

9 қаңтар "Адмирал" Владивосток – "Барыс" 15:30

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу