"Барыс" турнирлік кестедегі жағдайын жақсартты

1874

"Барыс" қонақтағы матчтар сериясын Қазандағы кездесумен аяқтады. 6 желтоқсан күні Юрий Михайлистің шәкірттері "Ақ Барсқа" қарсы ойнап, жеңіске жетті.

"Барыс" турнирлік кестедегі жағдайын жақсартты

Дмитрий Квартальныйдың командасы ҚХЛ Шығыс конференциясының көшбасшыларының бірі. "Ақ Барыс" 36 кездесуден кейін 49 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орынға жайғасты. Олар соңғы турда Дубайда "KHL World Games" аясында өткен матчтарға қатысып, Татарстандық команда "Авангардтан" 3:1 есебімен басым түсті. Гол авторлары Артём Галимов, Стивен Кампфер және Михаил Глухов. Бұл ойында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Кирилл Панюков та көзге түсті.

Ал "Барыс" сенбі күні Нижнекамскіде жеңіске жетті. Юрий Михайлистің шәкірттері – Роман Старченко, Кирилл Савицкий, Кертис Волк және Томаш Юрчоның соққан шайбаларының арқасында команда "Нефтехимиктен" басым түсті және Шығыс конференциясындағы жағдайын біршама жақсартты.

Ағымдағы маусымда "Барыс" пен "Ақ Барс" бір кездесу өткізген. Қазан айында Нұр-Сұлтанда Дмитрий Квартальныйдың шәкірттері 6:3 есебімен жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы қос команда арасындағы текетіресте елордалық команда мықтырақ болып шықты. "Барыстың" бапкерлер штабы өткен матчпен салыстырғанда команда құрамында бір ғана өзгеріс жасады. Якоб Берглундтың орнына Дмитрий Гурков айдынға шықты.

Бірінші кезең алаң иелерінің басымдығымен өтті. Алайда бұл кезеңде "Татнефть Арена" көрермендері гол көре алмады. Бірақ екінші кезеңде, ойынның 21 минутында Егор Шалапов қарсы шабуыл ұйымдастырып, Якоб Лилья қақпашы Биляловтан айласын асырды. Үшінші кезеңнің ортасында Роман Старченко қақпа сыртынан тамаша пас беріп, Аркадий Шестаков елордалық команданың басымдығын нығайта түсті. Кездесудің 58-минутында Дмитрий Воронков есеп айрмасын қысқартты. Бірақ Юрий Михайлистің командасы жеңілістен аман қалды. Қорытынды есеп 2:1.

"Барыс" - "Ак Барс" 2:1

0:1 – 21:46: Лилья (Шалапов)

0:2 – 50:25: Шестаков (Старченко)

1:2 – 58:19: Воронков (Кагарлицкий, Уил)

ҚақпашыларБилялов – Ортио

9 желтоқсанда "Барыс" өз алаңында Сочиді қабылдайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу